[:kz]
Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев “Мектептер мен білім беру ұйымдарына Ashyq жобасы енгізіле ме?” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл мәселе талқыланды, бірақ әзірге жоспарда ғана бар. Қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Негізінен жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары мен колледждерде бұл жобаны енгізу жоспарланып отыр», — деді Жомарт Қарамбаев.
Айта кетсек, бұған дейін ол жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында оқушылар қалай оқитыны жайлы пікір білдірген еді.
“Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын”, – деді министрлік өкілі.
[:]