АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық жігіт халықаралық іздеуде жүрген Храпуновпен селфи жасады[:]

[:kz]

Қазақстандық азамат Швейцарияда қашқында жүрген Виктор Храпунов және оның жұбайын кезіктіріп қалған. Тіпті, ол ШҚО-ның бұрынғы әкімімен селфи жасапты. Ер адам бұл суретін желіде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ринат Балғабаев есімді азаматтың желіде жариялаған суреті бірден танымалдыққа ие болды. Желідегі әзілдерімен танымал елорда тұрғыны «Швейцария осыншалықты кішкентай деп ойламадым» деп жазды. 

Ол оқуға түсу үшін, университеттер мен бизнес-мектептерді көріп қайту үшін Швейцарияға барыпты. Осылайша, жоғары оқу орындарының бірінде түлектердің оқу бітіріп, диплом алып жатқан сәтінің үстінен түскен.

Анықталғандай, Храпунов отбасымен бірге дәл осы шараға келіпті. Ал дипломды алып жатқан – Даниель Храпунов. Ол – Виктор және Лейла Храпуновтардың ортақ ұлы.

Еске сала кетсек, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновты Қазақстанда мемлекет қаржысын жымқырды және пара алды деп айыптап, сырттай 17 жылға соттаған еді. Ол әліге дейін Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеуде жүр.  

[:]