[:kz]
«Яндекс.Музыка» қазақстандықтардың қайталап жиі тыңдайтын әндерін анықтады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Үздік 20 композициның ішінде бірінші орында, тыңдарман ең көп қайталап қосқан — рэпер MATRANG-тің «Медуза» әні. Ал одан кейін қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің «Медина» трегі тұр.
Ал Қазақстанда әндерін жиі тыңдайтын үздік 10 орындаушының тізімі мынадай:
1. Jah Khalib 2.
Imagine Dragons
3. Скриптонит
4. LOBODA
5. Мот
6. XXXTentacion
7. Егор Крид
8. Miyagi & Эндшпиль
9. Элджей
10. HammAli & Navai
«Яндекс. Музыка» сарапшылары статистиканы зерттеп, орыс тілді орындаушылар көп тыңдалатынын анықтады. «Алматылық сервис қолданушысы рэпер KUKOYAKA-ның «POOPIN» трегін бір жылда 901 рет, ал Астаналық қолданушы НАZИМЫ & Тиматидің «2000» әнін 374 рет тыңдаған. Алматыда екі адам Quest Pistols тобының өнерін қайталап қосқанды жақсы көреді: бірі «Непохожие» әнін 862 рет, екіншісі «Революцияны» 475 рет тыңдаған», — деп хабарлады сарапшылар.
Тengrinews.kz
[:]