[:kz]
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QR-код енгізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алексей Цойдың сөзінше арнайы кодта барлық деректер жинақталып, адамның вирус жұқтырған-жұқтырмағанын, вакцинация жасалғаны туралы жазылады.
«Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін EgovMobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол «Ашық» медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады», — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Еске салсақ, осыған дейін қазақстандықтар төрт түске бөлініп, кейбір ғимараттар мен мекемелерге QR-код арқылы кіргізілетіні туралы жазға болатынбыз.
[:]