АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қазақстандықтардың eGov-та 10 сотық жерге өтініші қабылданбай жатыр: Министрлік себебін айтты[:]

[:kz]

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі электронды үкімет порталы арқылы 10 сотық жерге өтініш не себепті қабылданбай жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрліктің хабарлауынша, өткен аптада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу бойынша кезекке тұру қызметі тесттік режимде енгізілген. Ал 8 сәуірде ресми түрде іске қосылған.

“Содан бері осы қызметті онлайн-форматта 100 мыңнан астам рет пайдаланды. Бұған дейін біз кезекте тұрған 1,3 мың адамды цифрлық форматқа ауыстырдық. Бірақ үш аймақта адамдардың өтініші уақытша қабылданбайды. Себебі жергілікті билік жер кезегін ретке келтіріп үлгермеді”, – дейді министрлік мамандары. 

Олардың айтуынша, бұл қызмет үш аймақта қолжетімсіз болуы мүмкін. Себебі әкімдіктер кезекке тұрғызуды уақытша тоқтатуды сұраған. 

“Олар деректерді қайта тексеріп жатыр. Өтініш қабылданбай жатса, Е-Өтініш арқылы жергілікті атқарушы органнан түсініктеме алуға болады», — дейді қызметкерлер.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандықтар кезекке тұру үшін әкімдіктерге қағаз жүзінде өтініш тапсыратын, онда кезек ретінің дұрыс жүргізілмеу қаупі болатын.

Ол кезде кезекке тұру процесі 12 күн уақыт алатын. Бұл өтініштер 16 жыл бойы аудан, қала, облыс деңгейінде бөлек-бөлек сақталды.

Ал жаңа жүйенің арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, eGov.kz-те оның жылжу барысын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтініштің деректерін өзектендіре алады.

Осылайша әрбір қазақстандық алуға тиіс 10 сотық жерді алу процесі барынша ашық болады. Ал автоматизация арқасында бұл процеске 5 минут қана жұмсалады.

[:]