АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Қазақстанға алғысымды айтамын»: Абайда зорланған баланың әжесіне үй алып беретіндер табылды[:]

[:kz]

 

Asar Ume қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Абай ауылындағы немересі зорланған әжеге баспана сыйланатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қор мүшесі Нұрмашев Асхат Абай ауылына барып, әжеге осы қуанышты хабарды жеткізген. Әйелдің екі ұлы бір қызы бар. Ұлы вахтада жұмыс істейтін көрінеді.

 

Асхаттың айтуынша, қарияның үй алуы үшін белгісіз кәсіпкер 6 миллион теңге қаражат берген. 

“Мына апамызға 6 миллион теңгені жеткізіңіздер. 6 миллион теңгеге сол ауылда болсын, басқа қала болсын бір үй алсын. Мен сондықтан Құрманғазы батырымызға шын ниетпен көмек көрсеткісі келетін адам бар екенін айтып байланысқа шықтым”, – дейді ол. 

Бүгіннен бастап зейнеткерге басқа жақтан үй қарастырылатын болады. Табылған соң қаражат бірден үйін сатқан адамның шотына аударылады. 

“Рақмет ел-жұртыма, Қазақстанға алғысымды айтамын! Сіздердің арқаларыңызға осы жерде тұрмын. Мен Қазақстанның жақсы жаққа өзгергенін қалаймын. Меймандос, бауырмашыл, намысты халықпыз ғой”, – дейді жәбірленуші баланың әжесі.

Осы ретте заңгер Құрманғазы Мүсір баланың ауылда тұрмайтынын, басқа облыста тұратынын жеткізді. Бұған дейін баланың әжесімен бірге тұратыны, үйден шықпайтыны айтылған. 


“Бала 3 жылдан бері Абайда тұрмайды. 2018 жылдан бері, яғни қылмыстық іс қозғалғаннан бері басқа облыста, басқа қалада тұрады. Кейбір БАҚ құралдарында әлі күнге дейін Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында тұрады деген мәлімет таратылып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Бұл жерде зорланған жеті жасар баланың тек әжесі ғана тұрады. Бала анасымен бірге басқа облыста тұрып жатыр. Сотталған күдіктілердің туысқандары көрші тұрғандықтан ашуланып келіп, мазасын алып, былапыт сөздер сөздерін айтуда. Әжесі қария кісі. Оңай болып жатқан жоқ. Зорлаған балалары көршісі болып, үйінің үстінде тұрады. Екі қабат үй. Бұл жағдай қиын болып жатыр. Үйін сатып басқа жаққа көшейін десе, баспанасы ескі. Арзан бағаға сатылады. Алса тек жер ғана ала алады. Қаражаты жоқ. Сол қиындау болып жатыр”,- дейді ол. 

Нұрмашев Асхаттың айтуынша, заңгер Құрманғазы Мүсір осы уақыт ішінде тек сотпен күрескен. Оның үстінен түрлі адамдар арыз берген. Тіпті қант диабеті ауруы пайда болып, отбасымен ажырасып кетіпті. 

“Мен осы жағдайды ұйымдастырған адам болып қалып отырмын. Менің дым қатысым жоқ. Жәбірленуші әже көмек сұрап келді, мен қолымнан келгенше көмектестім. Соңына дейін бар күш-жігерімді салып жәрдем бердім. Басқа бір көздеген мақсатым болған жоқ. Журналист қыз келді The Village басылымынан. Оның бір-екі сұрағына жауап бердім. Алдын-ала келісіп алған жоқпын. Танымаймын, мүлдем көрмегенмін”, – дейді заңгер.

 
 

[:]