[:kz]
Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды сарқыт жеуден сақтандырды. Алайда мұнымен ел тұрғындары келісер емес, деп хабарлайды Stan.kz.
Еліміздің бас санитар дәрігерінің айтуынша, сарқытта санитарлық тазалық болмайды. Сондықтан одан ішек аурулары тарауы мүмкін.
«Қарапайым ережелер сақталмағандықтан сарқыттан көп микроб жұғады. Ішек аурулары жұғуы мүмкін», — деді Жандарбек Бекшин.
Алайда сарқыт алып үйренген қазақ бұған келіспейді. Этнограф Гүлім Қабдолдина дәрігердің сөзіне қарсы шықты.
«Сарқыт алу қазақтың дәстүрі. Қазақтың дәстүрінде ешқашан кемшілік болмаған. Оның әрбірінде көрегендік жатыр. Сарқытты жұрт бала-шағасы ауыз тию үшін алады. Мерекелік таза дастарханнан салып береді. Сондықтан одан бас тарту дұрыс емес деп ойлаймын», — дейді этнограф.
Қала тұрғындары да этнографтың сөзін қостап, бас санитардың сөзіне қарсылық білдірді. Осылайша бас санитардың сөзі ел арасында түсінбестік тудырды.
[:]