АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанның ең қымбат қаласы анықталды[:]

[:kz]

Астана азық-түлігі ең қымбат қала. Ал киім-кешек пен тұрмыстық заттар сынды түрлі тауарлардың бағасы Атырау облысында едәуір көтерілген,-деп жазды КТК арнасы.Әр өңірдегі баға мен инфляцияны Ranking.kz саралап шығыпты. Сонымен, ең жоғары инфляция – Павлодар облысында байқалады. Жалпы, Қазақстанда жыл басынан бері күнделікті қажетті тауарлардың бағасы 4 пайызға жуық өскен.

  1. Жеті айда азық-түлік – 5 пайызға, түрлі тауарлар – 3 жарым, ақылы қызмет көрсету – 3,3 пайызға көтерілген. Тұрмыстық заттарға қатысты қымбатшылық бойынша тізім басында Атырау облысы, кейін Қызылорда, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

    Ал Астанада азық-түлік бірден 6 жарым пайызға қымбаттаған. Павлодар, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстанда да ет, сүт, көкөніс бағасы шарықтап тұр. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Қостанай облыстарында қызмет көрсету құны айтарлықтай өскені байқалады.

    Stan.kz

[:]