АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақтар Трамптың ұлы мен немересін киіз үйде қалай күтті?[:]

[:kz]

Моңғолияда тұратын этникалық қазақ Жандос Қоңтарбай АҚШ президентінің үлкен ұлы мен немересі киіз үйде тоғыз күн тұрып, қонақ болғанын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Жандос төрт жылдан бері ерекше бизнеспен айналысады. Атаулы қонақтарға түзде, киіз үйде демалыс ұйымдастырады.

Оның сөзінше, сәулетті қонақ үйлерден шаршаған еуропалықтар мен америкалықтар уақыттарын қаланың шуынан алыс жерде рақаттана өткізеді. Олар мұнда барлық гаджеттерін өшіріп, атқа мініп серуендейді және бүркіт аулап, киіз үйде тұрады.

Жандостың айтуынша, бұл отбасылық бизнес. Оның әйелі ас үйді басқарып, тазалыққа жауап береді. Тазалық жұмыстары мен тамақ пісірумен айналысатын тағы бірнеше жұмысшылар бар.

Ерекше туристік агенттік Моңғолияның Баян-Өлгей ауылында орналасқан. Мұнда барлық дерлік тұрғындар — этникалық қазақтар және бәрі қазақ тілінде сөйлейді.

АҚШ президентінің ұлы — Жандосқа қонаққа келген бірінші танымал адам емес. Алдыңғы қонақтардың бірі кіші Дональд Трампқа осы жерге баруға кеңес берген.

Жандос президент ұлынының қарапайымдылығына тәнті болған.

Ол кірленіп қалудан қорықпастан, баптпаққа батқан көлікті шығаруға көмектесіп, жаңбыр суы өткен киіз үйдің шаңырағын да жөндеген.

Кіші-Трампқа қазақтың ас үйі, әсіресе үй қаймағы пен шелпек қатты ұнап қалған. Бешбармақтың да дәмі ұнапты, алайда ол қуырдақты көбірек ұнатқан.

Жандос осындай бизнесті Қазақстанда да ашуды жоспарлап отыр.

 
  

[:]