АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақтардың берген көмегін ұмытқан жоқпыз» дейді жапондықтар[:]

[:kz]

 

 

Атырау облысы тұрғындары «Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында жиырма тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинап, жарылыс орын алған Түркістан облысына жөнелтті. Соның ішінде, мұнайлы өңірдегі ең ірі «Дина» сауда орталығының жүзден астам кәсіпкері үлкен көлемде қаражат пен азық-түрік, алғашқы кезекте тұтынатын, гигиеналық бұйымдар жіберген.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездескен жапон инвесторлары да Арыстағы зардап шеккендерге көмектесуге ниетті екендерін мәлімдеді.

— Түркістан облысындағы қайғылы оқиғадан жақсы хабардармыз. Жапониядағы атом электрстансасындағы апат кезінде Қазақстан біздің халқымызға өлшеусіз көмек, қолдау көрсетті. Біз оны ұмытқан жоқпыз, сондықтан зардап шеккендерге қолымыздан келгенше көмектесуге ниеттеміз, — деді «Tokyo Rope Almaty» ЖШС-нің бас директоры Такеяма ТОШИО.

Жапондық инвесторлар мұнайды аймақта өздерінің өнім өндіретін зауыттарын салмақ ниетте екен.Олар бұл жолы келешекте құрылыс жұмыстары жүруі тиіс жерді қарап, индустриалдық мұнай химиясы технопаркінің жұмысымен таныспақ.

Фотоны автор ұсынды.

Жас АЛАШ

 

[:]