АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қазақтың бағына біткен жауһары»: Димаш Кремльде «Адайды» тартып, жұртты аузына қаратты (видео)[:]

[:kz]

Димаш Құдайберген Ресей жерінде өткен концертінде «Адай» күйін тартып, Мәскеу жұртын аузына қаратты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Әнші қай елде концерт қойса да, қазақтың киелі өнерін паш етуден шаршамайтынын айтады.

«Адай күйi — бұрынғы ел батырларының намысын шыңдап, жігерін қайрайтын ұран болған. Қазақтың жаны, қазақтың намысы, қазақтың жүрегі — домбыра. Менің қай елдегі болмасын ән кештерімде сан ғасырлар бойы қазағымның бастан өткізген, тарихын баяндау үшін қара домбырамды серік етіп өтсем деймін. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра!» — дейді ол.

Желі қолданушылары өз кезегінде Димаштың орындауындағы күйді тамсана тыңдағанын жарыса жазып жатыр.

 

«Құдайдың қазақтың бағы үшін берген алтыны мен жауһары, «қазағым» дегеніңнен айналдым жарығым. Қаршадай болып қазақты, қара домбырамызды әлемге таныту үшін тынбай еңбек етіп жатқан құлыншақ, әрқашан да жаратқанның назарында бол, басың аман, денің сау болсын! Қайда жүрсең де, қай елге бармасаң да, өзіңді қатты жақсы көретін, тілеуіңді тілеп, сен үшін дұға етіп отырған қара орман xалқың бар екенін есіңнен шығарма, ботам.

Өнерің өрге жүзе берсін, қасиетті қара домбыраны әлемнің ең үлкен саxналарында күмбірлете бер, теңдесі жоқ дауысың шартарапқа тарай берсін, қазақтың Димашы, аппақ ханзадасы, алтын баласы», «Біз сіздің концертіңіз үшін Волгоградтан арнайы ұшып келдік отбасымызбен. Сіз талантсыз – Димаш! Рахмет», «Ризамыз саған. Алла тағала ұзақ ғұмыр берсін өзіңе» деп жазды желідегілер.

[:]