АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҚАЗАҚТЫҢ ЕРЛІГІ ЖАЙЫНДА БҮКІЛ ҚЫТАЙ ЖАРЫСА ЖАЗУДА [:]

[:kz]

 

Қытай Шыңжаң Тәңір тауы сайтының тілшісі Ма Шаубин мен ерікті тілші Лу Иыңлидың «Қызын 8 жылдан бері арқалап оқытып келе жатқан қайсар әке» деген атпен 2017 жылы маусымның 27 күні Тәңір тауы сайтында мақала жарияланды. Оны Шыңжаң, Самұрық, Шинлаң (Sina) сайты, Жер шары уақыт, Қытай газеті сияқты Шыңжаңның ықпалды ақпарат құралдары көшіріп жариялады. Осылайша қатынас шырғалаңы себебінен екі аяғынан бірдей салданып қалған Шыңжаң Іле Тоғызтарау аудандық 2 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бағжан Тоқтау қызының жан азабын жеңіп, өз келешегі үшін және ата – ананың, ұстаздардың үмітін ақтау жолында құлшына үйренуі, қыздың әкесі Тоқтау Қадырұлының перзентінің емделуі, оқуы жолында ешнәрседен аянбай, ыстық – суықты елең құрлы көрмей оны 8 жылдан бері арқалап оқытып келе жатқаны миллиондаған оқырманның назарына ілінді.

Әке мен бала ортасындағы тілмен бейнелеп беруге болмайтын мейірім, махаббат, асқақ арман қаншама оқырманды тебірентті екен десеңізші?! Қытай сайтына шыққан мақаланы назарларыңызға ұсынамыз: Маусымның 23 күні Шыңжаң Тоғызтарау аудандық №2 орта мектебінде Тоқтау Қадырұлының қызын тамақтандырып отырған жерінде кездестірдік

. Оның жанарынан қызын шексіз жақсы көретінін аңғардық. Ол қызын тамақтандырып болған соң ғана мектептен алаңсыз қайтып кетті. Тоқтау Қадырұлы бұл күнде елуді еңсерді, оның 15 жастағы қызы Бағжан 3 жасында көлік апатына ұшырап екі аяғынан салданып қалған. Бағжан бастауышқа оқуға түскеннен бастап, әкесі оны мектепке арқалап апарып, арқалап қайтып келеді, содан бері әкесі жапа – машақатқа толы 8 жылды артқа тастап, қызының оқу арманы үшін асқар таудай сүйеніш болды.

 

Көлік апаты бір үйлі жанның тағдырын озгертті Тоқтау Қадырұлы Тоғызтарау аудандық көшпенділер мекемесінің қызметкері. Оның мейірімді келіншегі, сүйкімді екі қызы бар еді. Бір үйлі жан шат — шадыман тұрмыс кешіріп жатқан еді. Ойламаған жерден 2004 жылы бір реткі көлік апаты осы бір үйлі жанның тағдырын өзгертіп жіберді. Шырғалаңда Тоқтау Қадырұлы үлкен миы зақымдалып, бір ай дегенде есін жинады, екінші қызы Бағжан екі аяғынан салданып қалды. Тоқтау сол кезді есіне алып: «Есімді жиғанда ғана қызымның осындай күйге душар болғанын білдім, сол жолы оны үйде қалдырып кетпегеніме қатты өкінемін, бұл менің өмірлік өкінішіме айналды» деді сай-сүйегі сырқырап. Тоқтау кейінгі күндерде қызын Үрімжі, Бейжиң, Шаңхай сияқты жерлердің көптеген ірі шипаханасына алып барып, көптеген маманнан кеңес сұраған, он неше жыл бойы күдер үзбеген, қызым тік тұра алса болды, ештеңеден аянбаймын деген ниетте болған. Десе де, ол ең соңында аянышты тағдырға мойынсынды.

Қызын арқалап оқыту

Көзді ашып-жұмғанша Бағжан оқу жасына толады. Оқудағы алғашқы күннен бастап Тоқтау қызын мектепке арқалап жеткізіп, арқалап қайтып жүреді. Әр жолы Тоқтау қызын мектепке кешіктіріп апарған емес. Түс кезінде Тоқтау тамақты мектепке жеткізіп тұрады, әр жолы қызы тамақтанып болғанда ғана мектептен алаңсыз қайтады. Түстен кейін балалар тарағанда ол мектепке тағы да уақытында барып, қызын алып қайтады. Көзді ашып-жұмғанша 8 жыл өте шықты. Бұл күнде Тоқтау елуді еңсерді, қызы да 8 жылдық мектепке түсті. Тоқтау әлі де әуелгідей жауын – шашынды елең құрлы көрмей қызын арқалап оқытумен келеді. Олар 3 қабатта тұрады, қызын ғимаратқа арқалап шығу оған уақыт ұзарған сайын қиын сезіледі. Бұрын ол қызын арқалап демалмай шыға беретін, қазір бірнеше рет демалуына тура келеді. Тоқтау бұл күнде 3 қабаттағы үйін сатып, 1 қабаттан үй алуды көкейіне түйіп отыр.

Ол ежелден шаршап-шалдықтым деген емес

Тоқтаудың келіншегі Гүлзира Иманалықызы сол жере банкте қызмет істейді, қызметі өте қарбалас. Тоқтау ден қоя мәпәлеп келгендіктен Гүлзира қызметін алаңсыз істеп отыр. Бұл жөнінде Гүлзира: «Осы жылдарда күйеуім баламыздың оқуы үшін зыр жүгірді, оның істегендерін барлық әке істей алмайды, ол ежелден шаршап – шалдықтым деп айтып көрген жоқ, ана ретінде қызыма жеткілікті мейір бағыштай алмадым, бұған іштей қатты мазасызданамын» деді. Тоқтау былай деді: «Қызымды мектепке жеткізуде ежелден шаршауды білмедім, осы жолдан танбаймын, қызым жақсы оқыса болды, барлық қиыншылықты жеңіп, оны мүмкіндігінше жоғарылап оқуына орай жаратамын»

Мақаласы ұстаздары мен сабақтастарын әсерлендірді

Әуелден әкесінің арқалауымен мектепке келіп оқып жүрген Бағжанның мінезі ашық-жарқын, оның үстіне н»тижесі де өте жақсы. Ол ешқашан басқаларды ашуландырып көрген емес, оқудан бас тартқан кезі де болмаған. Тоқтау мүгедек қызын алақанына салып әлпештеп, оның алаңсыз оқуына, есейіп – ержетуіне бар қайратын арнап, қызының көңіліндегі қаһарманға айналды.

Наурыздың басында мектепте «Менің көкейімдегі қаһарман» деген тақырыпта мақала жазу жарысын ұйымдастырылды. Бағжан А дегенде әкесін есіне алып, боямасыз тілмен өз көкейіндегі қаһарман әкесін бейнелеп жазды. Ол мақаласын былай бастапты: «Әрқандай адамның өз жүрегінде сақталған нағыз қаһарманы бар шығар, ал менің жүрегімдегі нағыз қаһарман — әкем. Әке — асқар тау деп дана халқымыз бекер айтпаған ғой, әкеден ұлы жан бар ма?! Мен әкемді дүниедегі ең жақсы әке деп санаймын. . . » Бағжанның сынып жетекшісі былай деді: «Бағжанның әкесі 8 жылдан бері қызын арқалап оқытып келеді. Ол қызын бірде – бір рет кешіктіріп көрмеді, ал Бағжан өз мақаласымен әкесінің мейірін, әкесінің ұлылығын бізге бейнелеп берді, мақаланы оқыған жан ғибратты сабақ алады» деді. Гүлбақыт мұғалым сөз соңында «Тоқтау Қадырұлы сөзге шорқақ десе де, екі иығымен өмірдің ауыр жүгін арқалап, күш – қуаты қайта бастаған денесімен қызының арманы жолында тынбай талпынып келеді, ол нақты әрекетімен «Әке» деген сөзге толық түсінік берді.

2017 жылы наурыздың 29 Күні «Шыңжаң қазақ өрендері» газетінде Бағжан Тоқтауқызының «Менің жүрегімдегі қаһарман» атты мақаласы жарияланды.

Әрқандай адамның өз жүрегінде сақталған нағыз қаһарманы бар шығар, ал менің жүрегімдегі нағыз қаһарман әкем. «Әке — асқар тау» деп дана халқымыз Бекер айтпаған ғой, әкеден ұлы жан бар ма? ! мен әкемді дүниедегі ең жақсы әке деп санаймын. Себебі, әкем маған ақшаға сатып алуға болмайтын сүйіспеншілік пен қан – терін арнады. Әкем қажырлы да қарапайым жан. Ол маған мейір бағыштап, қуаныш сыйлап, он бір жылдан бері маған екі аяқ болып оқытып келеді. Бір реткі қатынас апаты себебінен екі аяғымнан бірден жан кетіп салданып жүруден қалдым. Міне, содан бері әкем менің жаныма медет болып, барған жердің бәріне көтеріп апарып – әкелетін. Ал мен оқу жасына толғанда, сауатсыз болып қалмасын деп оқыту бекіміне келді. Содан бастап әр күні мектепке өзі көтеріп әкеліп – әкетіп келеді

Мейлі қанша шаршаса да, шаршадым деп айтып көрген емес, әр кез жүзінен күлкі үйіріліп тұратын. Міне, мен де бастауышты бітіріп, орта мектеп табалдырығын аттадым, салмағым да арта түсті. Мені көтерудің өзі үлкен бір жұмыс болды, ал әкем болса жасының ұлғайғанына қарамай, баяғысынша, бар мейіріммен сыныбыма көтеріп әкеліп, көтеріп әкетіп жүрді. Әлі есімде, қақаған қыстың бір күні, күн қатты суық, жол өте тайғақ еді, әкем мені құлатып алмайын деп, еппен көтеріп бара жатты. Мен әкемнің арқасында келе жатып, кенет, ол кісінің шаштарының ағарып кеткенін байқадым әрі қатты көңілсіздендім, дәл сол шақтарда мен әкемнің расында қартайғанын сезіндім. Қанша қиындық көрсе де, ештеңені білдіртпей, шаршаса да, шаршадым деп айтпайтын, менің аяғыма аяқ болып, көңіліме медет берген жаным әкем менің жүрегімдегі ең қаһарман адам. Мен әкемді жақсы көремін! Менің қаһарманым да, асқар тауым да әкем! Мен шамамның келгенінше әкемнің еңбегін ақтауға құлшынып келемін, әкем мен үшін көп жапа тартты, әкем әр жолы менің нәтижемді көргенде шабыттандырып отыратын. Осы жолы ширектік емтиханда сыныбымыздағы алдыңғы 5 озат оқушы қатарына кірдім. Мен сөзсіз жақсы оқып, жүрегімдегі қаһарман әкемнің үмітін ақтауға құлшынамын

. Сенбек Әуесқанұлы

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/21120

[:]