АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақтың қыздары, мини киіп жүрейік: Жанжал тудырған бейнероликтен кейін сұлулар қысқа киген суреттерін жарыса жариялауда[:]

[:kz]

Демалыс күндері Шымкенттік «Талас FILM» киностудиясы жариялаған бейнеролик Казнетте үлкен жанжал тудырды. Осы бейнежазбадан кейін қазақтың сұлулары қысқа киген суреттерін желілерге жүктей бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттітігі.

Серік Таласов режиссерлік еткен бейнеклипте мини киген бойжеткен такси тоқтатып тұрады да артынша оған бір көлік тоқтайды. Қызды көлікке отырғызғаннан кейін жігіт оны жеңіл жүрісті екен деп ойлап, қызметінің құнын сұраған. 

Осындай әйел затының ашуын келтіретін бейнежазбадан кейін желіде пікір таластырғандардың қатары көбейді. Қазақтың бірқатар танымал сұлулары жанжалға қатысты пікір білдіріп, желідегі парақшасында қысқа киіммен түскен суреттерін жарыса жүктей бастады.

«Менің қысқа кимегеніме біраз уақыт болыпты. Қазір де гардеробымда ештеңе жоқ екен. Бұл қателігімді жөндеймін деп шештім, жақында шоппинг болады. Бірақ төрт жыл бұрынғы суретімді тауып алдым. Москвада тұрған соңғы айым болуы керек. Қазақтың қыздары қай жаста болсақ та мини киіп жүрейік. Кім не ойласа да өз деңгейіне байланысты ғой», — дейді Гүлім Рақымқызы.

Олар бұл әйелдерді қорлау, олардың құқығын жерге таптау деп санайды. Әр адам қалай киінсе де не істесе де өзі біледі, оған жекелеген пікірлер маңызды болмауы керек деп ойлайды арулар. Егер ойыңыз жаман болса, басқаларды да жаман ойлауға итермелеудің қажеті жоқ деген пікірде Динара Тұрсынова.

«2016-2014 жылдар және бірнеше күн бұрын түскен суретім. Көйлекпен — кездесуде, шортымен — демалыста, шорты және шляпамен — отбасыммен демалғанда. Қысқа белдемше мен шорты киемін, жаман түгі де жоқ. Егер аяғымыз әдемі болса немесе қысқа кигіміз келсе онда тұрған не бар. Егер адам бір нәрседен бұрынғы өмірін, әрекетін көретін болса, онда оның өзінің кінәсі. Өз әрекеттеріңізді, өміріңізді бақылаңыз», — дейді Динара Тұрсынова.

Сонымен қатар, кейбірі мен үшін ешкімнің пікірі маңызды емес, қалағанымды киемін деп шорт кескен. 

«Кубада. Дәл осылай енді Талдықорғанда да жүретін боламын. Басқа біреулердің пікіріне түкіргенім бар», — дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Ал Құндыз Оспанова өзімнің жерімде қорқып жүретін болдым, шетелде мұндай ой үш ұйқтасам да ақылыма келмепті деп ашуланды. Ол роликті қолдап, қарсы пікір білдіргендерді желісінен өшіріп тастайтынын жеткізген.

«Мен шетелге көп жалғыз баратынмын және минимен түнде көшеде еркін жүре беретін едім. Оғаш, немесе ыңғайсыз киініп алдым деп ойлап көрген емеспін. Мынандай ұят роликтерден кейін мен өзімнің елімде қысқа киіп жүруге қорқатын болдым. Ешкім әйел адамды киіміне қарап балағаттай алмайды», — деп жазды Құндыз Оспан.

Осылайша қазақстандық желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі режиссерді қолдаса, енді кейбірі оған қарсы шыққан. Қазірге дейін бейнежазбаға пікір білдірушілердің қатары көп. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін видеоға қатысты жедел брифинг өтіп, режиссер даулы видеоға түсініктеме бергені туралы белгілі болған. 

[:]