АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қазақтың тілінің құдіретін қараңдар!»: Қоқыстағы «Қазақ тілі» оқулығын өртеу де «хайп» болды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Оған қатысты діни наным-сенімі берік біреулер «Ана тілінің құдіреті», «Қазақ деген – момын халық, бізді Алла қорғайды» дегендей пікірлер жазып әлек.

Қазір әлеуметтік желіде қоқыс контейнерінен табылған 5 сыныптың «Қазақ тілі» оқулығы туралы видео талқыланып жатыр. Қоқыстармен қоса өртелген құшақ-құшақ қағаздың ішінен тек сол кітаптың жанбай қалғанын жұрт сан-саққа жүгіртуде, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мынаны қараңдаршы, достар! Күнде мусор өртейміз ғой. Қазақтың «Қазақ тілі» кітабы… «Қазақ» деген сөз өртенбепті. Қазақтың тілінің құдіретін қараңдар! Барлығы өртеніп, күл болған, именно қазақ тілі өртенбепті. Демек, біз Мәңгілік Ел болдық қой. Міне, «қазақ – текті халық» деген осы. Тілімізді құрметтейік, ағайындар!» — деп ентігіп тұр, қолына жиектері ғана жанған оқулықты ұстаған видео авторы.

Оған қатысты діни наным-сенімі берік біреулер «Ана тілінің құдіреті», «Қазақ деген – момын халық, бізді Алла қорғайды» дегендей пікірлер жазып әлек. Оқырмандардың енді бірі оларға қарсы «Арабқұл исламистер жабық тұрған кітаптың жанбайтынын пайдаланып, адамдарды алдап, дінге тартып жүр! Дін – сетовый маркетинг!» — деп өре түрегелді.

«Бәрі жанып болған соң, соңында тастаған шығар. Әйтпесе, қағаз біткеннің бәрі отта жанады», — деп қисыннан қиыс кетпеген жан да табылды.

Жансын-жанбасын, ең маңыздысы, ол оқулықты қоқысқа қай қазақтың дәті барып тастады екен? Үйіне естелікке қалдырса да, 5 сыныпта оқитын басқа балаға бере салса да болар еді ғой. Ал жабық тұрған тығыз кітапты отқа орап, оның жиектері ғана жанғанын хайп қылу Құран өртегіштерден кейін сәннен баяғыда қалған еді…

 

[:]