[:kz]
27-қыркүйекте Андрей Малаховтың эфир барысында айтқан сөзі халықаралық жанжал туғызды. «Прямой эфир» бағдарламасында «Шұжық патшасы» баласының жұмбақ өлімі: Кездейсоқтық па әлде ұйымдастырылған ба?» тақырыбында жүргізуші қырғыз азаматына қатысты өз ойын айтқан деп жазады » Экспересс газета» басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Андрей Малахов «Прямой эфир» шоуы шығарылымдарының бірінде Қырғызстан азаматы Акбаров сыйақы үшін тапсырыспен жол апатын ұйымдастыруы мүмкін екенін айтқан. Сондай-ақ, ол мұны Қырғызстандағы әлеуметтік-эконмикалық жағдайдың нашарлығымен байланыстырған.
Журналистің мұндай сөзінен кейін қырғыздар аяқтарынан тік тұрды. Одан бөлек, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Ресей елшісінің кеңесшісін шақырған.
Ал Қырғызстанның Мәскеудегі елшісі Аликбек Джекшенкулов «Россия 1» телеарнасының басшылығы Малаховқа қатысты қандай да бір шара қолданылар деген үмітте екенін жеткізген.
Малахов болса өзінің жеке ойы осындай дау-дамайдың шығуына түрткі болғанына таңқалған.
Күні кеше тележүргізуші айтқан сөзі үшін бүкіл редакция мен жеке өз атынан қырғыз халқынан тағы да кешірім сұрады
«Біз өз көрермендерімізді еліне, ұлтына қарамастан бірдей жақсы көреміз. Кечирип коюнуздар! Кешірім өтінемін», — деді Малахов.
[:]