АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оқушы қызға «пәктігі үшін 1 млн берген» экс-депутат 15 жылға сотталуы мүмкін[:]

[:kz]

 

 

Кейін әрбір жыныстық қатынас үшін 50 мың теңге төлеп отырған деген ақпарат тарады

Ақтөбе облыстық мәслихатының экс-депутаты, белгілі кәсіпкер Аркадий Нидің қылмыстың ісіне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады paryz.kz, kznews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Чиновник» telegram арнасы экс-депутатқа ҚР ҚК-нің 122-бабы («16 жасқа толмаған азаматпен жыныстық қатынасқа түсті немесе сексуалдық сипаттағы басқа әрекеттері үшін») бойынша айып тағылғанын мәлімдеді.

Егер Аркадий Нидің кінәсі дәлелденсе, ол 12-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, полиция қызметкерлері кәсіпкерді Ақтөбе әуежайында қамауға алды. Полицияға Нидің бірнеше мәрте 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені туралы шағым келіп түскен.

Бірінші рет қыз бала пәк болған кезде оған ауызбастырық ретінде 1 млн теңге берген. Кейін әрбір жыныстық қатынас үшін 50 мың теңге төлеп отырған деген ақпарат тарады.

 

Алайда кәсіпкер баламен жыныстық қатынасқа түскенін жоққа шығарды. Ол тек жағдайы төмен отбасыға ақша беріп, көмектесіп отырғанын айтып ақталды.

 

 

 
 

[:]