[:kz]
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы «Сарыөзек-Көктал» тас жолында Қазақстан мен Сингапур «Compact Metal Industries LTD» компаниясының қолдауымен цемент зауыты салынып жатыр. Осыған орай әлеуметтік желілерде дәйексіз мәліметтердің таралуына байланысты Кербұлақ ауданының әкімдігі ауыл ақсақалдары мен жергілікті билік өкілдері арасында жиналыс өткізді.
Жиында цемент зауытының мәселесі қаралып, ауыл тұрғандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Зауытты іске асыру барысында озық технологияларды қолдана отырып, әлемдік стандартқа сәйкес келетін цемент шығарылады. Зауыт өнімдері Алматы облысының қажеттіліктерін толығымен өтеуге мүмкіндік береді. Цемент сапасы ірі инфрақұрылымдық жобаларды және жеке өндірістік объектілерді салу кезіндегі талаптарды қанағаттандырады.
«Қазіргі таңда Алматы облысы республика бойынша цемент өндіруден соңғы орындардың бірін алып тұр. Бұл жобаның жақын арада жүзеге асырылуы облыстың цемент тұтыну бойынша бірінші орында тұрғанын ескере отырып, Алматы облысының осы салада жетекші орындарға шығуына мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Сонымен қатар, құрылыс аяқталғаннан кейін, біздің кәсіпорын цемент шығарып, онда 387 жаңа жұмыс орындары пайда болады. Зауытқа жұмысшыларды Кербұлақ, Көксу аудандары мен Қапшағай қаласынан алынса деп жоспарлануда. Ал салық көлемі жылына 2 млрд. теңге құрайды», — дейді «Alacem» цемент өндіру зауытының бас директорының орынбасары Александ Щербаков.
Сонымен қатар, зауытта жұмыс істеп жатқан құрылысшы Қанапия Асқар жұмысы жайлы айтып өтті.
— Осында істеп жатқанымызға 2 айдай уақыт болды. Жұмыс уақытымыз 12 сағатты құрайды, жалақымызда істеген жұмысқа сай, жалпы көңіліміз толады, — деді ол.
Айта кету керек, бүгінгі күні құрылыс алаңында 125 білікті қытайлық инженер мен Алматы облысының әртүрлі аймақтарынан келген 100-ге жуық құрылысшы жұмыс істеуде. Зауыт жұмысы аяталған соң қытайлық инженерлер жергілікті жұмысшыларға зауыт технологиясын көрсетіп, өз еліне қайтарылады.
Алтынорда
[:]