[:kz]
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-дағы Kadyrov_95 аккуантында жариялаған видеосында Украина әскеріне сес көрсетіп, қарулы қақтығысқа байланысты ойларын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Ол видеода Путинді жер-көкке сыйғызбай мақтап, Украинадағы қарулы қақтығыста жеңіске жету үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасайтынын, керек болса, ядролық қаруды қолданатындарын мәлімдеді.
«Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың саясатын қолдаймыз. Оның кез келген бұйрығын орындаймыз. Керек болса, ядролық қаруды да қолдана аламыз. Бізбен ойнамаңдар! Мен оның жаяу сарбазымын. Соған мақтанамын. Жоғарғы Бас қолбасшымыздың бұйрығын орындау – бұрыннан бергі арманым», – деді ол.
[:]