АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Керімсал Жұбатқанов. Елбасы Жолдауында Астана туралы ойлар.[:]

[:kz]

Елбасының 2018 жылғы Жолдауында былай айтылған: «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады. «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет. Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартынқалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек». 

Кеңес Одағы ыдырағанда және Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізгенде, біздің ел өзінің жеке егемен ішкі пен сыртқы даму жолымен кетті. Нарықтық экономикалық және демократиялық саяси реформалар жүзеге асырып, Қазақстан өз 27  егеменді даму жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Соның бір жетістігі – бұл өз жаңа Астанасын Қазақстанның қақ ортасында орнату мен оның 20-жылдық дамуы мен гүлденуі.

Қазақстан Республикасының жаңа Астанасы 1830 жылы пайда болды және оның алғашқы аты – Ақмола. 1869 ж. Ақмола Ақмола уезінің орталығы болып қайта құрылды және Ақмола облысының орталығы болды.

1961 жылға дейін бұл қаланың тарихында ешқандай маңызды өзгеріс болмады. Барлығы жақсы біледі, 1923 ж. Наурыз айында Сталин қайтыс болады және Кеңес Одағының билік басына Хрущев келді. 1954 жылдан бастап, Кеңес Одағының жаңа көсемі тың игеру идеясын мен кампаниясын жүргізе бастайды. Ол тың игерудің басты жері – Қазақстан деп айтты және 1954-1961 жж. Кеңес Одағының Ресей және т.б. жерлерден 6 млн. тың игерушілер қоныстана бастайды. Сол уақытында, Хрущевтің инициатива бойынша, біздің республикасының тың игеру жерлердің орталығы — Ақмола болып бекетіледі және Тың өлкесінің орталығы болады. Соған байланысты, Хрущев өз жеке бұйрығымен, 1961 ж. Ақмоланы Целиноградқа айналдырады. 1961 жылдан бастап  1992 ж. дейін Ақмола Целиноград қаласы болады.

Егемендікті алғанда, Ақмола тарихи аты қайтадан қалпына келді. Сол кезде Елбасы Алматыдан Ақмола қаласына астананы ауыстыру туралы идеясына назар аударады. Кеңес заманда, Қазақстанның алғашқы астанасы 1920 ж. Орынбор болады, бірақ 1925 ж. оны  Орынбордан Қызыл-Орда қаласына ауыстырады. Тек 1928 ж. Кеңес Қазақстанның астанасы – Алматы қаласы бекетіледі және 1997 ж. дейін Алматы астаналық функциясын орындайды.

Осы Кеңес Қазақстанның астаналары Кеңес Одағының орталығының пайдасына мен тиімді басқаруына байланысты жасалды. Қазақ халқының мүддесіне ешкім және ешқандай мән берілмеді.

Әлемдік тәжірибесіне сүйенсек, барлық мемлекеттер өз астанасын өз территориясының қақ ортасында орналыстырып, өз барлық аймақтар мен аудандар бірдей жақын және басқаруға өте тиімді жағынан қарастырады екен. Соған байланысты егеменді еліміз осы жағдайларды есепке алып, жаңа астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстырады.

Сонымен, 1997 ж. бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы ретінде дүниеге келеді, ал 1998 ж. бастап оған «Астана»  жаңа аты қойылды. Президент бір сөзінде атап айтты: Қазақстанның «Астана» деген аты кириллица мен латиница бірдей жеңіл атылады мен есінде қалады.

1998-2018 жж. Аралығында, Ақмола, Целиноград және қазіргі Аастанаи керемет және ғажайып өзгерді мен дамып жатыр. Біздің Астана толыққанды заманға және астаналық статусқа сай дамып жатыр. ТМД елдердің астаналар арасында тек есем, әлемде – нағыз әсем, керемет және заманның талабына сай ғажайып қалаға айналды.

Астана – қазіргі Қазақстанның, орысша айтқанда, визитная карточка толық айтуға болады екен. 20 жыл ішінде, Қазақстанның қақ ортасында заманға сай супер қала пайда болды. Ол Егеменді Елдің жүрегі! Еліміздің жаңа бет-елпеті, қайда Қазақстанның қазіргі тарих жазылып жатыр!

Өз 20-жылдық мерей тойын біздің Астана керемет жетістіктермен, экономикалық өсудің жоғарғы қарқынмен және жақсы әлеуметтік саясатының көрсеткіштермен келіп отыр. Бұл бүкіл Қазақстан халқының және оның Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың жемісі. Елбасының ақылды және көреген саясатының арқасында, біздің Қазақстан бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықта абыройлы мемлекет ретінде біледі және құрметтейді! Құтты болсын, ағайын!!!

Алтынорда

 

 

[:]