[:kz]
Елбасы өз Жолдауында аграрлық-өнеркәсіптік секторында шаруашылықтардың кооперацияны дамыту керектігін, жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді еңгізу, ғылымның жаңа тәсілдерін пайдалану туралы айтты.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жалпы қазақстандық экономикасының маңызды бөлігі.
1991 жылдан бастап кеңестік ауыл шаруашылық жүйесі нарықтық жүйесіне өтті. Бірте-бірте мемлекет өз тарапынан ауыл шаруашылығына қаржы және басқа көмек беруге мүмкіндікке ие болды. Соңғы 10 жылда аграрлық экономикасын көтеру үшін мемлекеттік және басқа бағдармалар қабылданды. 2006 ж. «Қаз Агро» Ұлттық холдинг құрылды. Оның құрамына: АҚ «Продовольственная контрактная корпорация», АҚ «Мал өнімдері корпорациясы», АҚ «ҚазАгроФинанс», АҚ «Аграрлық кредит беретін корпорация», АҚ «Ауыл шаруашылығына қаржы көмегін беру қоры», АҚ «ҚазАгроГарант», АҚ «Қазагромаркетинг».
Қазақстанның ауыл шаруашылық секторында жер шаруашылығын дамытуға бірнеше қара топрағы көп жерлер бар, мал шаруашылық, жер шаруашылық дәстүрлері сақталған, кеңес заманнан қалған бірнеше ауыл шаруашылық мекемелері (құс фабрикалар, элеваторлар, үн жасайтын мекемелер. Қазақстан өз ауыл шаруашылық өнімдермен Қытайға, Ресейге, Өзбекстанға, тағы басқа орталық-азия елдерге жақын өте жақын – бұл оның бәсекеге дайындығын күшейтеді.
Өз Жолдауында Елбасы айтты: «Аграрлық саясатының басты мақсаты – еңбек өнімділігін нығайту және ауыл шаруашылық продукциясының экспортқа немесе сыртқа шығаруға басты назар ұстау керек!» Қазіргі таңда Қазақстанда әр түрлі жер шаруашылығының өнімдерін шығарылады, ең басты – бұл астық. Бірақ, қазіргі заманның талабы – ауыл шаруашылық шикізаттарын дайын өнімдерге айналдыру және әлемдік нарықтарға оларды шығару! Соған байланысты, бүкіл Қазақстанның аграрлы-өнеркәсіптік комплексті осы мақсатты жүзеге асыруына барлық күш-қайрат салу керек! Үлкен мән және назар аграрлық ғылымның дамуында болу керек. Аграрлық ғылымның басты назарында – жаңа технологиялардың трансферті және олардың отандық жағдайларына адаптациясын жүргізу керектігін. Қайтадан аграрлық жоғары оқу орындарын реформалау керек: олар бұрыңғыдай тек диплом берумен айналыспай, нағыз ауыл шаруашылық мамандарды дайындауға көшу керек.
Тек сонда, біздің Қазақстан әріғарай дамып, толыққанды индустриалды және аграрлы мемлекет болады!
Алтынорда
[:]