АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты. Латын алфавитіне көшу – заманның талабы.[:]

[:kz]

Осы жылдың аяғына дейін қазақ елінде латын алфавитіне көшу процесі толық өтеді деген хабар соңғы 5-7 күнде барлық отындық БАҚ-да айтылды. Соған байланысты өз пікірін айтуға жөн санадық.

1991 жылға дейін, немесе кеңес дәуірде, қазақтар және олардың ата-бабалары тек көшіп-қонып, мал бағып өмір сүрген ел мен халық болатын деп кеңес идеология мен билік қазақтардың миына әр секунд, минут, сағат, күн, жылдар бойы қүйіп отырды. Тек Ленин мен кеңес билігі және орыс халқының көмегі арқасында, бұрын барлық жағынан артта қалған ел мен халық – қазақ өз жазу-сызуына, әдебиет, ғылымға қол жеткізді! Сонда егер орыс жазуы немесе кириллица болмаса, онда барлық жағынан арта қалған қазақ халқы баяғы көшпелі өмір сүріп, айдалада қанғып жүретін еді.

Бірақ, сол заманда тек сирек адамдар білетін еді – қазіргі Қазақстан жерінде, түрк дәуірде — 6-10 ғғ. көне түрік жазуы болған және оны көшпелі көне түріктер өздері ойлап тапты, ешкім оларға басқа елден, жерден православиелік әулиелер Кирилл мен Мефодий Грекиядан сияқты ежелгі Русьге ұсынған жоқ. Біздің көне ата-бабалары өздері өз мұқтажына мен өмір сүруге тиімді үшін ойлап тапқан еді.

10 ғ. әлемде ислам дінің тарауы мен арабизация процесі өте қатты қарқынмен болды және сол ғасырдан бастап Орталық Азия мен қазіргі Қазақстан жерінде ислам дінінің қабылдауы мен оның ең басты кітабын – Құран-Кәрімді білу үшін араб тілін мен жазуына көшу басталды мен аяқталды. Содан бастап, яғни 10 ғ. бастап 1929 жылға дейін қазақ халқы араб жазуын қолданған. Барлық құнды рухани, әдеби, тарихи туындылар араб жазуында болған еді.

1929 ж. Кеңес билігі  КСРО-да тұратын барлық түріктілдес халықтарды латиница негізділген алфавитіне көшеру процесін жүргізді. Латын алфавитіне көшу – кеңес билігі мен идеологиясы – артта қалған халықтарға керемет пайда береді және олар тез арада дамыған, еуропалық халықтардың қатарына қосуына жол ашады екен.

http://www.rbardalzo.narod.ru/4/lat.html деген сайтта былай латын алфавиті туралы айтылған: ЛАТИНИЦА – буквенное письмо, восходящее к греческому. Поначалу обслуживало латинский язык (индоевропейская семья языков). Известно с 7 в. до н.э. по древнейшим надписям на серебряном сосуде из Принесте и др. С 4 в. до н.э. направление письма только правостороннее. На сегодняшний день латинское письмо – официальный алфавит католической церкви. Его применяет большинство народов мира (вся Америка, Австралия, почти вся Европа, половина Африки пишут латиницей). Латиница успешно вытесняет другие системы письма (особенно арабское и кириллицу) и по праву может считаться международным и универсальным.

На сегодняшний день самым распространенным письмом является латиница (около 40% от населения земного шара). Распространена она в Америке, Австралии, Черной Африке, Западной Европе, а также в таких крупных государствах, как Турция, Азербайджан, Узбекистан, Туркмения, Индонезия, Малайзия, Филиппины и Вьетнам. Английской, испанской, индонезийской, португальской, немецкой, французской и итальянской латиницами пользуются от 420 до 70 млн.

1929 ж. латын алфавитіне көшкенде, барлық жағдайлар дұрыс шешім кеңес билігі таппаған немесе іздеуге тырыспаған. Мәселен, кім сол кезде мектеп пен жоо-да оқыған, оларды латын алфавитінде жазу мен оқуына жағдай жасалған. Ал, басқаларға сондай жағдай болған жоқ – соған байланысты үлкен буын адамдары латын алфавитін білмей, араб алфавитінде қалып, барлық ақпарат мен білім көздерінен айырылған еді. Латын алфавитіне өткен қазақ жастары бірде-бірде араб жазуындаға құнды және ұлттық туындыларын оқымай қалып, тез арада кеңес идеологияның жеміне айналып, өз ұлттық тамырларын айырылу процесіне ең біріншілер кірген еді.

Бұл процесс, әсіресе, 1940 жылдан бастап қатты нығаяды және сол жылы Сталин бұйрығымен барлық түріктілдес халықтар, оның  ішінде қазақ халқы, кириллица немесе орыс алфавитіне көшеді. Содан бастап қазіргі заманға дейін біздер осы алфавитін барлық жағынан пайдаланып жатырмыз. Сонда 1940 жылдан бастап 1991 жылға дейін біздің өз ұлттық тамырларынан мен ұлттық қасиеттерінен айырылу процесі жүрді және өз тілінен мен рухынан айырылу басталды. Тек 1991 жылдың аяғында тәуелсіздікке қол жеткізу осы процесті тоқтатты, бірақ оны толық тоқтатты деп айтуға болмайды екен.

Неге деп сұрайсыз? Сонда қазіргі дейін барлық жағынан қазақ халқы Ресейдің ақпарат кеңістігінде мен идеологиясында жүзіп жатыр. Ал, 2014 жылдан бастап Ресейдің саясатында ұлыдержавалық пиғыл пайда болып, нығайып жатыр. Әріғарай бұңы айту, меңімше, керек емес.

Сонымен, Елбасының осы жылдың аяғына дейін латын алфавитіне көшуі – қазақ халқының өз саяси мен рухани тәуелсіздігін сақтау мен дамыту деп ойлаймын. Екіншіден, өз мемлекетінің мен оның бүкіл территориясында өз идеологиялық, ақпараттық, рухани және т.б. кеңістігін құру мен дамыту деп ойлаймын. Үшіншіден, одан сайын түріктілдес халықтармен барлық жағынан қарым-қатынастарды дамытатын төте жолын деп білемін. Төртіншіден, дүниедегі ең дамыған және латын алфавитін қолданатын елдермен мен халықтармен одан сайын халықаралық, мемлекетаралық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық қатынастарын дамытатын даңғыл жолы деп ойлаймын. Осы жоғарыда айтылған 4 фактор Мәңғілік Ел мен халқы болуына қол жеткізуге әкеледі.

 

 

 

[:]