АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Кеш боп кетеді»: Атамбаев тергеу изоляторынан мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

 

 

Тергеу изоляторында отырған Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасады. Оның мәтінін Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Ол елдегі саяси оқиғаларға қатысты өз пікірін білдірді. Мәтін Fаcebook желісіндегі «Накта СПДК» парақшасында пайда болды. Атамбаев отандастарын Қырғызстан тарихының соңғы 15 жылында қандай саяси оқиғалардың орын алғанын еске түсіруге шақырды. Содан соң ол соңғы жағдайларға ойысты. Атамбаевтың сөзінше, 6 қазанда оппозиция жағында түсініспеушіліктер басталып, көшбасшылары бір-бірімен қақтығысып жатқанда Сооронбай Жээнбеков өз позициясын мықтап алуға кіріскен. Экс-президенттің айтуынша, 8 қазан күні кешке «президенттің рулас жақтастары күштік құрылымдарды толық басқарып алған».

Атамбаев Жээнбековтің Садыр Жапаровтың сеніміне кіріп алғанына сенімді, тіпті оны премьер-министр етіп сайлауда қолдау көрсеткенін айтады. Атамбаев Садыр Жапаровты билік «алдап-арбап, тұзаққа түсіріп көзін жояды» деп қауіптенетінін жеткізді.

Оның пайымдауынша, жаңа парламенттік сайлау белгіленіп, онда тек партия аттары мен адамдардың тегі ауысады, ал жағдай сол қалпы қала береді.

«Сооронбай Жээнбеков Садыр Жапаровқа уәде еткеніндей дереу отставкаға кетуі керек. Соған тезірек жетуіміз тиіс. Әйтпесе кеш боп кетеді», — деген Атамбаевтың мәлімдемесін Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы жеткізді. Еске сала кетейік, Садыр Жапаров 10 қазанда премьер-министр қызметіне келді. Сол күні Атамбаев ұсталды. :

kaz.nur.kz/

 

[:]