[:kz]
Депутат Айдос Сарым мәжілісті әлеуметтік-мәдени даму комитетінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ға сілтеме жасаған
sn.kz
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында депутат Айдос Сарымның басқа комитетке ауысуы мәселесі қаралды. Ол әлеуметтік-мәдени даму комитетінен халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуға өтініш білдірді. Әріптестері оның өтінішін бірауыздан қолдады. Осы кезде мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: «Әлеуметтік комитеттің мүшелері қолдаймыз деп жатыр. Кеткеніне қуанып жатырсыздар-ау деймін», — деп әзілдеді. Бәрі ду күлді.
Осыдан кейін Қошанов әріптестеріне ескерту жасады. «Әріптестер, енді бір комитеттен бір комитетке ауысуды тоқтатайық. Солай ма? Осы Айдос Сарыммен тоқтайық. Су шығып жатса, айтарсыздар», — деді Қошанов. Депутаттар тағы ду күлді.
[:]