[:kz]
«Әулие Валентин» күнінде пайда тапқысы келген қазақстандық кей жігіттер танымал хабарландыру сайтында өз қызметтерін ұсына бастады деп жазды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселен, Тимур есімді жігіт қыздарға құрбылары мен бұрынғы сүйіктісіне жалғыз емес екенін көрсетудің жолын ұсынады. Тіпті, ол өз қызметінің тізімі мен бағасын да жазып қойған. Мәселен, Тимур кездесу үшін 10 мың теңге алатынын атап өткен.
Сондай-ақ ол басқа да шығындарды қыздың өзі көтеретінін айта кетті. Егер гүл сыйлау қажет болса, онда гүлдің де ақысын бойжеткен өзі төлейді. Одан бөлек, Тимур клиентін жұмыстан немесе сабақтан бизнес санаттағы таксимен алып кете алатынын жеткізді.
Алайда бұл қызмет үшін тапсырыс беруші 10 мың теңге төлеуі тиіс. Сонымен қатар, бірге фотоға түсу үшін клинет 1500 теңге, егер «жігітінің» аккаунтын белгілеп, фотоны Stories-ке салу керек болса, тағы 3 мың теңге төлеуі керек. Одан бөлек, ер адам сыртқы келбетке де мән беру қажет деп санайды.
Егер бойжеткен жігіттің өз қалауынша киінгенін қаласа, онда тағы 10 мың теңге төлеуі тиіс. Ал клиент таңдаған киім жігіттің гардеробында болмаса, костюмды жалға алу үшін 15 мың теңге қосымша төлейді.
Хабарландыру авторының айтуынша, қызметтер тізімін өзгертуге болады және егер ол бірдеңені ескермеген болса, қыз өзіне ұнайтын нәрсені ұсына алады.
[:]