[:kz]
Барахолкада бала асылып қалды. Анасына көмектесуге келген ер баланы сол маңдағылар тауып алған. Айтуларынша, оны анасы жұмсап жіберген. Бар-жоғы 5 минуттан кейін асылып тұрған денесі табылыпты. Сонда бұл суицид пе? Ал ата-анасы не дейді?
Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Алматының барахолкасында 12 жастағы бала көз жұмды. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде желдей есіп, түрлі қауесет тарауда. Бірі «көк киттің» құрбаны болды» десе, енді бірі өзге жорамал жасады. Алайда туыстары мұндай ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын айтады. Жасөспірім базарда сауда жасайтын анасына көмектесуге келген екен.
Қайғылы жағдай өткен жұма күні болған. Бірақ, базардағы ығы-жығы адамның ешқайсы оқиғаның қалай болғанын көрмеген. Сабақтан сұранып, өзіне көмектесуге келген ұлын анасы контейнердің екінші қабатынан тауар алып келуге жұмсапты. Арада бес минут өткенде өтіп бара жатқандар 12 жастағы жеткіншектің асылып тұрғанын көрген. Марқұм өзінің киіміне буынып қалыпты.
Ислам есімді бала шынымен екінші қабаттан түсіп келе жатқанда мертігіпті. Оқыс оқиға болғанда оны жан-жақтан видеоға түсіргендер өз білгендерінше жорамал жасаған көрінеді. Ғаламторды өзіне серік еткен бала ақыры «Синий киттің» құрбанына айналды деп жазғандар да табылуда. Ал қайғыдан жүректері қарс айрылған ата-анасына бұл айтылғандардың бәрі ауыр тиюде.
«Екінші этажға кішкентай бала шығамын деп, ойнаймын деп өзінің капешонына ілініп алып, өз-өзіне неғыла алмай капешоны мойнын қатты қылқындырып тастады. Бала жақсы болған «Синий кит», анау-мынаумен ойнаған жоқ», -дейді ағасы Әшімжан Азнабакиев.
Исламды ақтық сапарға шығарып салуға сыныптастары мен олардың ата-аналары да өз-өзіне қол салды дегенге сенбейді. Өйткені, спортпен шұғылданған жеткіншектің сабақ үлгерімі де жақсы болыпты. Әлеуметтік желіде отырады дегенді сыныптастары да жоққа шығарды.
«Ол өте жақсы бала болатын. Ешкіммен ұрыспайтын, ешкіммен төбелеспейтін. Ол барлықтарымен жақсы араласатын. Ешқашан жамандық көрген емеспіз ол баладан. Одан ондай шығады деп ешкім ойлаған емес», — дейді сынып жетекшісі.
Қалалық полиция департаментіндегілер баланың жазатайым болған оқыс оқиғадан көз жұмғанын растады. Ата-анасы сабағынанан қалдырмағанда мүмкін мұндай жағдай болмас па еді дейді. Дегенмен, тәртіп сақшылары контейнерлерді алып, орнына сауда кешенін салу туралы талапты орындамаған базар басшылығының да қаншалықты кінәсі барын зерделемек.
[:]