АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Кім, қайда, қанша төлейді: Айқын Төлепберген, Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртастың балалары қандай мектепте оқиды?[:]

[:kz]

Оқу жылы басталысымен ел қатарлы елге танымал жандардың да балалары мектепке барды. Кімнің баласы қай мектепте оқитынын білесіз бе? Әсіресе, жекеменшік мектептерде оқитын балаларына олардың қанша төлейтіні қызық болар деп хабарлайды  aikyn.kzке сілтеме жасаған sn.kz

Жақында ғана әлеуметтік желіде Мәдина Сәдуақасова баласы мектеп табалдырығын аттағанын жария етті. Оның бейнежазбасында 8 жасар Әнуар әке-шешесімен бірге мектепке барған. Онда да жәй бір білім ордасы емес, жекеменшік мектеп. Алматыда орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп. Естеріңізге салсақ, бұл мектептің иелері – ерлі-зайыпты Әсел Тасмағамбетова мен Еркін Рақышев. Төлем тоғыз айға бірден жасалады. Одан бұрын 300 мың теңге бастапқы жарнасы төлену керек. Содан кейінгі төлем бір жылдық оқу ақысы – 2 млн 700 мың теңге. Оның ішіне үш уақыт тамағы, аптасына 4 сағат қалаған үйірмеге қатыса алады. Сонымен қатар, мемлекеттік мектептен айырмашылығы – аптасына 6-7 сағаттан ағылшын мен математика сабағы қосымша өтуі.

Блогер Мейіржан Төребаевтің де бір емес үш баласы сол мектепте оқиды. Үш балаға жылына 8 млн 100 мың теңге төленеді.

Ал әнші Қайрат Нұртастың балаларына төлейтін оқу ақысы одан қымбатқа түсіп отыр. Өйткені бір балаға жылдық ақы – 2 млн 850 мың теңге. Әншінің бұл мектепте бір емес, төрт баласы оқиды. Сонда жылына оқу ақысы 11 миллион 400 мыңға шығады. Оған тамақ кірмейді. Тамаққа әр ай сайын бөлек төленеді. Оның өзі әр айда әртүрлі шығады. Мысалы, қыркүйек айына – бір балаға 60 мың теңге. Алда-жалда бала мектепте оқымайтын болса, оқу ақысының 320 мың теңгесі қайтарылмайды.

Сонымен бірге, бұл мектептің өз балабақшасы бар. Оның жылдық бағасы – 2 млн 200 мың теңге.  Ал баланы оқудан әкеліп-әкетуі – ата-ананың жауапкершілігінде. Дегенмен International School-дің отбасындағы екінші, үшінші, төртінші балалардың оқу ақысына 10, 15, 20 пайызға жеңілдік жасалады.

Тағы бір блогер Әлішер Елікбаевтың екі баласы Tamos Кембридж бағдарламасымен оқытатын жекеменшік мектепте оқиды. Оның ішінде білім алу процесі бірнеше салаға бөлінеді. Физика-математика мен лигвистикалық бөлім бар. Ішендегі ең қымбаты – «Cambridge» бөлімі. Онда бастауыш сыныпқа жылына 4 млн 400 мың теңге төлесе, жоғары сынып 5 млн 700 мың теңге тұрады. Алғашқы төленетін жарна – 300 мың теңге. Жылдық төлем ақыны бірден төлеуі керек. Ал үш уақыт тамақтың ақысы бөлек төленеді. Бастауышқа бір жылға – 475 мың теңге, жоғары сынып оқушысы 500 мың теңге төлейді. Ай сайынғы тасымалы 31-35 мың теңгеге шығады.

Tamos-тағы ең арзан баға – 1 млн 500 мың теңге, ал жоғары сынып 2 млн 500 мыңнан басталады. Екінші баланың оқу ақысына 5 пайыздық жеңілдік жасалып, жарнаның 50 пайызын ғана төлеуге болады. Осы мектепте әнші Айқын Төлепбергеннің баласы да оқиды. «Балабақшадағы бір топта 6 бала болды. Сол алтауы бірге бір сыныпқа барды. Балам бәрінен бұрын соған қуанды. Қазір заман басқа, балаға барынша жақсы білім беруіміз керек. Кейін жемісін өзі көреді», – дейді Айқын Төлепберген.

Ал балабақшаның бір айы – 200 мың теңге. Бір жылға 1 млн 800 мың теңге шығады.

Дереккөз: aikyn.kz

[:]