[:kz]
Оқушы өздігімен шешім шығара білуі керек. Сіздерден мұны көріп тұрған жоқпын. Сосын сіздердің мұғалімдеріңізге артылған жүк тым ауыр! Германияда бірде-бір мұғалім оқушысымен қосымша сабаққа қалмайды.
Германиядан келген еріктілер Иоханна Кальхер мен Яннес Хагенлох Өскемендегі № 12 орта білім беретін мектепте жұмыс істейді. Жастар мұғалімдерге шет тілдерінің сабағын өткізуге көмектеседі, оқушылармен неміс немесе ағылшын тілдерінде сөйлесіп, өздері орыс және қазақ тілдерін үйреніп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен Өскеменге 28 тамызда келдім. Оған дейін Қазақстан туралы ешнәрсе білмейтін едім. Өзім үшін жаңа елді ашқым келіп, осында келуге бел будым. Қазақстан, сіздердің үлкен емес қалаңыз, расында, мен үшін жаңалық болды. Көзбен көргенім елестеткенімнен әлдеқайда жақсы болып шықты», — дейді Яннес Хагенлох.
Еріктілер білім беру жүйесіне назар аударған. Олардың айтуы бойынша, Германияда оқушыларды бірінші кезекте ойлануға және өздігіміен шешімді табуға үйретеді.
«Бұл барлығының негізі. Оқушы өздігімен шешім шығара білуі керек. Сіздерден мұны көріп тұрған жоқпын. Сосын сіздердің мұғалімдеріңізге артылған жүк тым ауыр! Германияда бірде-бір мұғалім оқушысымен қосымша сабаққа қалмайды. Сабақ бітті — болды, мұғалімдер бес минуттан кейін мектептен кетеді. Ешкім ешнәрсе толтырмайды, тексермейді, мұғалімдердің жеке өмірі басталады», — дейді Яннес.
Еріктілерді супермаркеттер қатты таңғалдырыпты. Иоханна Кальхердің назары жуылмаған көкөністерге және полиэтилендік пакеттерге ауды.
«Шынымды айтайын, сіздердің азық-түлік сататын дүкендеріңізге таңғаламын. Кір қартопты қалай сатуға болады? Жуылмаған сәбізді кім сатып алғысы келеді? Сосын неліктен көкөністерді бөлек полиэтилендік пакеттерге салады? Менде мұндай пакеттердің толып қалғаны сонша, олар нағыз проблемаға айналды: білмеймін, олармен не істеу керек? Тастай салуыма болмайды — бізге ондайды үйреткен жоқ. Германияда барлығы сөмкелерімен немесе қағаз пакеттерімен келіп, барлығын соған салады…целлофан қаптар жоқ!’ — деп таңғалды Иоханна Кальхер.
Иоханна мен Яннес орыс және қазақ тілдерін бірге үйреніп жүр. Сонымен қатар, еріктілер нағыз қысты көргісі келетінін тілге тиек етті.
[:]