АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қиын болды, достарым күлетін»: Әбдіжаппар Әлқожа кондуктор болып жұмыс істегенін мойындады[:]

[:kz]

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа үлкен сахнаға шықпай тұрып қарапайым жұмыстар істегенін мойындады. Ол бір кездері телефон жөндеп, тіпті, кондуктор болып жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Ұялы телефонмен айналысудан бастадым. Бұл ұзақ уақытқа созылды. Самат деген ағамның Байсеркеде ұялы телефондарға жөндеу жүргізетін жері болды. Бағлан деген досым сол кісінің шәкірті, ал мен осы досымның шәкірті болдым. Бір-бірімізге үйреттік, бөлшектер тасыдық, кішкентайдан бастадық.

 Бірінші қуаттағышын ауыстырдық, сосын батареясын алмастырып жүрдік», — деді Әбдіжаппар Әлқожа. 

Әнші бұл кезде 20 жаста болғанын айтады. Сондай-ақ, дәл қазір тек 2010 жылдары «хит» болған телефондарды ғана жөндеуден өткізе алатынын жасырмады. 

Бұдан өзге автобуста кондуктор болып жұмыс істегенін айтты. 

«Мен арнайы кондуктор киімін киген жоқпын. Біз кәдімгі киіммен шыға бердік. Көп уақыт болмадым. Осы туралы айтқан кезде балалар күлетін. Шамамен екі апта істедім. Шыдай алмадым. Кондукторлардың ұйқысы бөлек болады. Азанмен сағат бесте тұру керек, әрі-бері жүру дегендей. Бізге оңай болған жоқ, қиын болды», — деді жұлдыз. 

Әбдіжаппар Әлқожа өзі кондуктор болып жұмыс істеген уақытта жолақысы 50 теңге болғанын жасырмады. Сондай-ақ, осы жұмысының есепке жақсы болуына көп көмегі тигеніне тоқталды. 

Stan.kz 

[:]