[:kz]
Ресей саясаткері Владимир Жириновский Түркия Президенті Режеп Ердоған туралы ашулы пікір айтты. Ол Ердоған неге кедергі жасап, киліге береді деді ызаға булығып.
Бұл туралы Ресей телеарналарының бірінде көрсетті. Ат аталған видеоны жас саясаттанушы Асхат Қасенғали желіге жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Шыңғыс ханнан Ердоғанға дейін» деген брошюралар шығарып, оккупанттар ретінде таратыңдар дейді Жирик. Ердоғанның ісіне ақ қағазға түкірігі шашырай, булығып отыр. Сирия, Ливия, Қарабақта қанымызды ішіп едің, енді Украинада аяқтан шалудасың деп еңіреп тұр.
Қой десеңдерші Ердоғанға. Неге ол пәк ниетпен жүрген Ресейге соқтығып жүр. Сотқар Ердоған!»,- деп жазды Асхат Қасенғали.
Еске салсақ, Ресей мен Украина арасында Донецк, Луганск аумақтары үшін жағдай тағы да шиеленісіп тұр. Жириновскийдің меңзеп тұрғаны Түркия Украинаға Әзірбайжандағыдай қару беріп, көмектесуі мүмкін көрінеді.
.
[:]