АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көк базарда сатушы әйелдерге гүл сыйлаған Қайрат Нұртас жұртты тәнті етті (видео)[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас көк базарда қалың көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесі сатушы әйелдерге 8 наурыз мерекесі қарсаңында гүл сыйлап, ән шашуын тарту еткен. Желідегілер шоу-бизнес жұлдызының бұл қылығына риза болып, оның асқан қарапайымдылығын жоғары бағалаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/kair_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram/kair_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қайрат Нұртас қыз-келіншектерге гүл таратып жатқан сәтімен Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.

Хитмен оңтүстік астананың ортасында орналасқан көк базарға барып, сол жерде жұмыс істейтін саудагерлер мен тұтынушыларды таңғалдырды.

Өнер иесі қызыл түсті раушан гүлдер шоғымен кіріп келіп, оны алдынан шыққан қыз-келіншектерге сыйлаған.

Оған қоса, әнші өзін қоршап алған көпшілік үшін ән айтып берді. Жиылған жұртшылық Қайрат Нұртаспен қосыла шырқады.

Эстрада жұлдызының видеосы желіде қызу талқыланып, оқырмандардың оң пікірлеріне ие болған.

Олар әншінің асқан қарапайымдылығына тәнті болып, оған деген жылы лебізін жарыса білдірген.

«Жарайсың, аналарымызды бір қуантып жатырсың» , «Алла разы болсын сізге, қандай керемет көңіл-күй сыйлап жүрсіз» , «Керемет көрініс, сенің қарапайымдылығыңның тағы бір дәлелі» , «Халқына әрдайым жақын әншім» , — деп жазуда көпшілік.

 

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайраттың шығармашылығымен айналысамын деп, басқа екі ұлына аналық махаббатын барынша бөле алмағанына өкінетінін айтты.

 

 
 

[:]