АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Көк дамбалдың желбірегені»: Серікжан Біләш Мемлекеттік Туға қатысты осы сөзді не үшін айтқан? (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Бірдеңе көк дамбалдың желбірегені» деген біреулер болса, біз әулие де

п білсек…», — деп аяқталмай қалған бір үзік сөзі анық естіледі.

Әлеуметтік желіде «Атажұрт еріктілері» тіркелмеген ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің Мемлекеттік Туды «дамбалға теңегені» туралы видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нақты айтқанда, Youtube.com-ға Кибер Панчер деген біркеншік есіммен өз арнасын ашқан біреу әнші Ибрагим Ескендірдің орындауындағы белгілі «Көк тудың желбірегені» әнінің қайырмасы мен атышулы Серікжан Біләштің бір ауыз сөзін жүктеген. Бейнеролик тақырыбы «Оралмандардың көсемі Серікжан Біләш Мемлекеттік Туды дамбалға теңеді» деп тұр.

Сілтемені ашып тыңдасаңыз, ән мен оған қатысты сөздің қайталап берілуінде Серікжан Біләштің: «Бірдеңе көк дамбалдың желбірегені» деген біреулер болса, біз әулие деп білсек…», — деп аяқталмай қалған бір үзік сөзі анық естіледі. Ешқандай дубляж емес, өз аузымен айтылып-ақ тұр. Оның толық нұсқада не дегені бір Аллаға, сосын осы видеоны жүктеген «Кибер Панчерге» ғана аян әзірге.

Ал бейнероликті көрген желі қолданушылар: «Мықты болса, көк туды әлемдік деңгейде желбіретудің орнына дамбалға теңеп жүргені қай сасқаны?», «Серікжанның айтқаны дұрыс емес негізі», «Серікжан топас, айтылмаған ту қалды ма енді, дамбалға теңейтін? Жоғарғылар не қарап отыр?» деп пікір жазған.

[:]