АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көк-Төбеде қыдырып жүрген қолтырауын видеоға түсіп қалды(ВИДЕО) [:]

[:kz]

Алматыдағы Көк-Төбеде демалушылар қолтырауынды байқап қалған. Куәгерлердің бірі жыртқышты видеоға түсіріп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Оңтүстік астанада қыдырып жүрген қолтырауын туралы «Еуразия» бірінші арнасы мәлім етті. Телеарнаның мәліметінше, қолтырауынды сүйкімді қыз қыдыртып жүрген.

Белгілі болғандай, кайман тұқымына жататын аллигатор фотографтарға тиесілі екен. Көк-Төбеге алғаш рет келген ер адам бұл көрініске таңғалып, жануарды видеоға түсіріп алған. Куәгердің айтуынша, қолтырауынның аузы скотчпен оралған, алайда бұл жануардың өзіне белгілі бір қиындық тудыруы мүмкін. Арасында ол өз бетінше де қыдырып жүрген.

Қолтырауынның иелері оны үйде ұстайды және оның өмір сүру жағдайын жақсартуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, каймандардың ұзындығы ары кетсе 2 метрге дейін жетуі мүмкін.

Бұған дейін Өскемен қаласында белгісіз біреулердің үй жануарына асқан қатігездік көрсеткенін жазған болатынбыз. Олар иттің басына шеге қағып, көшеге тастап кеткен

.kaz.nur.kz

[:]