[:kz]
Этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Мал баққан көшпелілер көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналады.
«Көкпар» деген сөз «көк» және «бөрі» деген екі есім сөздің кірігуінен пайда болды, — деген ойды А. Қалиұлы айтып өтеді: «Көкпар тарту — әскери жаттығулардың бір түрі. Түрік қағанатындағы «Дербес бөрі жасақ» дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сайланған батырлар тобы еді», — деп тұжырымдайды.
Ал, академик Ә.Х. Марғұлан: «Сырдария мен Арал бойын мекендеген Сақ тайпалары жылсайын қасқыр тотемінің құрметіне арнап, қатысушылары қасқыр терісін жамылып, маска киетін атты-спорттық мейрам ұйымдастыратын. Бұл дәстүр түрік-моңғол тайпаларында күні бүгінге дейін сақталды. Қазақ, түрікмен, қырғыз елдерінде бұл ойын «көкпар — көк бөрі» деген атаумен сақталған. «Көкпар» атты ойынның қазақ халқындағы бір варианты «Қыз бөрі» — қасқыр терісі мен қасқыр маскасын киетін дәстүрлі сақ ойынының модификациясы болып табылады»- деп ойынға ғұрыптық мән береді.
jastar.kz
[:]