АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Көкшетау қаласының жастары латын графикасына көшуді қолдады[:kz]Көкшетау қаласының жастары латын графикасына көшуді қолдады[:]

[:kz]

Бүгін, Көкшетауда 500-ден астам студент «Қалаға махаббатпен» «Street art» акциясы форматында өнер көрсетті. Арнайы модульдерге сурет салу арқылы жастар Отанға деген махаббаттарын көрсетіп, қазақ тілінің латын графикасына көшуін қолдады – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Іс-шараның ұйымдастырушылары Ақмола облысының білім басқармасы және Көкшетау қ. Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер мен студент жастардың арасында көркемдік-эстетикалық құралдар арқылы азаматтық пен патриоттылықты қалыптастыру. Білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін, болашақта үйлесімді тұлға дамыту мен тәрбиелеу бойынша жүйелі және мақсатты қызметін дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту болып табылатындығын атап өтті.

Көкшетау қаласы «Арна» колледжінің екінші курс студенті Жұлдызай Молғаждарова өз ойымен бөлісті «Латын әліпбиіне көшу бұл біздің мемлекетіміздің болашаққа жасаған қадамы — деп ойлаймын! Біз –Қазақстанның болашағымыз! Біз қазақ тілінің латын графикасына көшуін қолдаймыз! Менің ойымша, латын әліпбиіне көшу бізге және біздің балаларымызға ағылшын  және басқа да тілдерді оңай үйренуге мүмкіндік береді».

 

          Алтынорда

[:]