АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көкшетауда 60 адамға банкет өткізге мейрамхана иесі жауапқа тартылды[:]

[:kz]

15 күнін Көкшетау қалалық ПБ қабылдау-үйлестіру қосынында жазасын өтейтін болады

 1 сәуірінде Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкер ҚР ӘҚбК 476 бабы бойынша, 15 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтын шаңырақ» мейрамханасының иесі уақытша шектеу туралы норманы елемей, 60 адамға банкет өткізген», — дейді ведомстводан.

 Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, мейрамхана иесіне осыған дейін де төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынған. 

«Кәсіпкер енді алдағы 15 күнін Көкшетау қалалық ПБ қабылдау-үйлестіру қосынында жазасын өтейтін болады. Жалпы, Көкшетау қаласында төтенше жағдай режимін бұзған 17 тұлға соттың шешімімен әкімшілік жауапқа тартылды», — деп толықтырды ведомстводан.

[:]