АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Қоқыстан металл іздеген қырғыз азаматы қомақты ақша тауып алды [:]

[:kz]

Ресейде мектептің аула сыпырушысы қоқыс контейнерінен 1 000 доллар және 80 мың рубль салынған дорба тауып алған. Алайда ол «олжасын» полицияға тапсырған, деп хабарлайды ТАСС.

«Южный Медведково ауданындағы мектепте аула сыпырушы болып жұмыс істейтін Қырғызстан тумасы сол аудандағы қоқыс контейнерлерінен металл іздеген. Сөйтіп, ауданның батыс жағындағы көшеге қойылған қоқыс контейнерінен шүберек дорба тауып алған. Оның ішінде шұлық және су өткізбейтін шекпен болған. Ал олардың бірінен 100 доллардан 10 купюра, 5 мың рубльден 15 купюра, 1000 рубльден 5 купюра және тағы 50 рубль табылған», — дейді агенттікке құзырлы органдағы дереккөз. Дереккөздің мәліметінше, ер адам ақшаның иесін өз бетімен іздеп көруге талпынған.

Алайда іздеу жұмысы нәтиже бермегендіктен полицияға жүгінген. Қазір тәртіп сақшылары тексеріс жүргізуде.

kaz.nur.kz

[:]