АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Көлікті сен ұтасың деп 500 мыңға билет сатты»: Ернар Айдардың ұтысына қатысқан қатысушы шындықты жайып салды[:]

[:kz]

Ұтыс ойнатпақ болған Ернар Айдардың басы даудан арылар емес. Әнші 23 наурыз күні парақшасында ұтыс ойнатып, 4 қымбат автокөлік пен пәтерді ұтысқа тікті. Алайда Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері ұтыс ұйымдастырушылары мен әншіні қолға түсірді. 

Бұл оқиғаның мән-жайы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды. 

Әнші 23 наурыз күні ұтыс ойнатылатынын хабарлады. Бір апта өткен соң, парақшасының бұзылғанын айтып, екінші роликті қайта жүктеді. Әнші сәуір айында осыған ұқсас тағы үш виде жариялады. Конкурстың ресми парақшалары да бірінен соң бірі ауысты. Бұл желі ұтысқа қатысушылардың да күдігін туғызды. Әнші парақшасы арқылы ұтыстың лицензиясын көрсетіп, желі қолданушыларының сенімін кіргендей болды. 20 сәуір күні байқаудың нәтижесі жариялануы тиіс еді. Алайда үш күнге шегеріліп, әншінің жаңа парақшасында ойнатылды. Дәл осы тікелей эфир кезінде әнші мен өзге ұйымдастырушыларды полиция ұстап әкеткен еді. Кейіннен әншінің өзі карантин тәртібін бұзғанын айтып, кешірім сұрады.

Ернар Айдар ұйымдастырған ұтыста сыйлыққа берілетін көліктер жалға алынғандығы анықталды.

Полиция департаменті олар карантин режимін бұзды дегеннен өзге ақпарат таратқан жоқ. Алайда он екі адамды экономикалық тергеу департаменті ұстағанын ескерсек, карантин тәртібі қылмыстың бергі жағы секілді. 

Конкурсқа қатысушының бірі тікелей эфир арқылы өзінің алданғаны жайып салды.

«Мен әр билетті 7500 мың теңге жеңілдікпен 45 мыңға 12 билет сатып алдым. Одан кейін ұйымдастырушылар хабарласып, 80 билетті ұсынды. Егер 185 мың 700 теңгеге алсаңыз, көлік ұтасыз деді. Сондықтан жеңімпаз болам деген сеніммен ол билеттерді сатып алдым. Ақырында 500 мың теңгеге жуық ақшам кетті. Бірақ ешнәрсе ұтқан жоқпын. Ақшамды қайтара алам ба білмеймін. Ұйымдастырушылардың телефон нөмірі өшіп тұр», — деді қатысушы Жалий Алиқұлов. 

Ернар Айдар ұтыстың басты сыйлығы — Алматыдан бір баспана болады деп жарияға жар салды. Сенімді болу үшін тұрғын үй құрылысының видеосын да көрсетті. 

«Бұл ойында басты сыйлық — зәулім үй, 4 қымбат көлік және 100-ге жуық бағалы сыйлықтар», — деді әнші. 

Бұл «Athletic village» тұрғын үй кешені. Бизнес санаттағы баспананың бағасы арзан емес. Бір шаршы метр — 336 теңге.

9990 теңгеге билет алып, зәулім сарайға қол жетізуді армандап жүргенде әнші ойынан айнып кетті ме, басқа бейнероликті жариялайды. Онда Ернардың көліктері де, пәтері де өзгеріп шыға келді. 9 қабатты тұрғын үй алғаш көрсетілген мекен-жайдан 11 км қашықтықта орналасқан.  

Бағдарламаға келген мамандар бұл жағдайда Ернар Айдардың өзі де істің құрбаны болуы мүмкін деген пікір айтты. Мұнда ойындарға ұйымдастырушыларды кінәлады. Ал, әншілер тек өз үлесін алу үшін құрбанға айналады. 

«Ернар Айдарды жақсы әнші ретінде білемін. Бұл істе оған обал болды деп ойладым. Ұйымдастырушылардың әрекетін әншінің өзі де білмеген шығар», — деді СММ маман Айым Жекенова. 

Ал, заңгер Мұратқожа Амитов бұның хайп та, қара пияр да емес, заң бұзушылық болғанын айтты. 

https://stan.kz/kolikti-sen-ytasin-dep-500-minga-bilet-satti-ernar-ayda-330595/

[:]