АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Колледж мұғалімдер мені Қайрат екен деп ойлайтын»: Қайрат Нұртастың сыңары өзі жайлы айтты[:]

[:kz]

Қайрат Нұртастың сыңары атанған Олжас Ілиясоы өзі жайлы айтты. Әншінің “сыңары” Қайрат Нұртастың орнына ән айтуға дайын. Мамандығы – электрик. Өзін көргендер міндетті түрде әншіге ұқсататынын жасырмайды.

Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олжас Ілиясов жақынжа желі жұлдызы атанды. Қайрат Нұртастан аумайтын қазақ жігіті әншінің әнімен видео түсіріп, тик-токта тез танылды. Алайда танымал болуға талпынған емеспін дейді өзі. 

“Мен өзім Арқалықтың тумасымын. Сонда тұрамын. Колледжде оқып жүрген кезімде бәрі мені Қайрат Нұртасқа ұқсататын. Кейбірі інісі, туысы деп ойлайтын. Тіпті мұғалімдер жақсы баға қойып, мені көтермелеп жүретін. Солай Қайрат ағамыздың жақсы жағы тиді. Көрген адамның бәрі Қайрат ұқсатып жүрді. Бірақ мен ешқашан танымалдыққа ұмтылған емеспін. Менен әртіс шықпайды дейтінмін. Бір күні аздаған жазылушыларыма видео түсіріп, жариялаған едім. Солай желіге тарап кетті. БАҚ бетіне шықты. Журналистер хабарласты. Әншінің өзі БАҚ арқылы мені көрген шығар деп ойлаймын”, – деді ол. 

Олжастың анасы да Қайрат Нұртастың әндерін сүйіп тыңдайды. Қайрат та менің ұлым секілді деп жақын тартады. 

“Қайрат менің ұлым секілді. Ол үшін уайымдап қаламын. Жаман хабар естісек, кәдімгідей көңіл-күйім түседі. Бәрі ұлың Қайратқа ұсқайды деп көп айтады. Оған үйреніп қалдық. Ең алғаш ұлымның ұқсастығы жайлы 2012 жылдары ести бастадық”, – деді анасы.

Айта кетейік, TikTok әлеуметтік желісінен Қайрат Нұртастан аумайтын жігіт табылды. Олжас есімді азаматты көпшілік хитменнің «егізіне» ұқсатты.

[:]