АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қолын пешке басып, аяғын сындырған: Ақмолада өгей әкенің әрекеті елді шошытты [:]

[:kz]

Ақмола облысында өгей әкесі баласының қолын пешке басып, аяғын сындырған. Озбырлыққа шыдай алмаған бүлдіршін бар шындықты мамандарға айтып берген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

8 жастағы Алидар қатарластарымен бірге алаңсыз асыр салып ойнаудың орнына бір айдан бері қолдау орталығын паналап жүр.

Себебі, өгей әкесінен көрген озбырлыққа шыдай алмаған. Бала өгей әкесінен бірнеше жылдан бері таяқ жегенін айтады. Тіпті, берілген жұмыстарды орындамадың деп белдікпен сабап, қолын ыстық пешке басқан күндер де болған екен. Соңғы рет аяғын сындырыпты.

Әбден қиналған бала бірнеше ай гипспен жүрген. Бір өкініштісі, осының барлығын өз көзімен көрген туған анасы бір ауыз күйеуіне «қой» деп айтпаған көрінеді. Сондықтан, Алидардың әжесі немересін өз қамқорлығына алғысы келеді.

 

 «Баланы қанша уақыт ұрып-соққанын дәлелдей алмаймын. Бірақ, барғанда бала қорқып, үстелге жоламайды. Үнемі тыртық болады. Мына балаға не болды деп сұраймыз. Ой анда соғып алды, мұнда соғып алды дейді. Солай болып жүрді»,- дейді баланың әжесі Күлай Кушенова.

Кәмелетке толмағандарды қолдау орталығы мамандарының сөзінше, Алидар келген кезде денесінің сау-тамтығы болмаған. Үрейленген бала алған жарақаттарының бірін қалдырмай айтып берген.

«Баланы біздің орталыққа ювеналды полиция өкілдері жеткізді. Келген бетте кәмелетке толмаған жеткіншектің денсаулығы нашар болды. Денесінде көгерген жерлері, тыртықтар бар еді. Өткен жылы әкесі аяғын сындырған. Сол әлі күнге дейін дұрыс жазылмай, бала оң аяғын ауырсынып басады.

Бүлдіршін өте қатты стресс алған. Мамандармен тіл табысуы қиын болды. Қазір ортаға үйреніп келеді»,- деді облыстық «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық, құқықтық қолдау орталығының директоры Жанна Анапина. 

8 жастағы Алидардың анасы ата-аналық құқығынан айырылып, бала әжесінің тәрбиесіне берілуі мүмкін. Айта кетейік, Ақмола облысында 4 шілде күні 35 жастағы Ольга Лазарева үйден кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті

https://kaz.nur.kz/1865388-kolyn-peske-basyp-aagyn-syndyrgan-akmolada-gej-keni-reketi-eldi-sosytty.html

[:]