[:kz]
Мемлекет басшысы Қызылорда облысында оқу-жаттығу барысында МИ-8 тікұшағының апаты кезінде қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, оларға материалдық көмек берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында жазды.
«Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Ол Ақтау-Шымкент бағыты бойынша әскери оқу-жаттығу шеңберінде ұшуды орындаған болатын. Тікұшақ экипажы қаза тапты. Менің бұйыруыммен тергеп анықтау жұмыстары басталды. Қаза болғандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтамын. Оларға материалдық тұрғыда көмек көрсетілетін болады»,- деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырағаны туралы хабарлағанбыз. Бортта 12 адам болған.
[:]