АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көмектесіңіздерші: Илья Ильин ауыр дертке шалдыққан журналист үшін көмек сұрады (видео)[:]

[:kz]

Бүгінде Катарда өтетін халықаралық Кубокқа дайындалып жатқан ауыр атлет Илья Ильин көпшілікке үндеу жолдады. Ол қатерлі дертке шалдыққан журналист Галина Полеваяға көмектесуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Құрметті достар, сіздерден танымал спорттық журналист Галина Полеваяға қолдау білдіруіңізді сұраймын. Қазіргі уақытта ол ауыр дертпен күресуде және шетелдік дәрігерлер жасай алатын отаға мұқтаж.

22 желтоқсанда Алматыда таңертең сағат 10-нан бастап түнгі 22:00-ге дейін MAXIMA сауда орталығында қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеден түскен ақшаның бәрін Галинаның еміне береміз. Бүкіл спорт әлемі, Қазақстан болып оған көмектескіміз келеді», – дейді Ильин Instagram желісінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін
Еске сала кетсек, бұған дейін «Хабар» телеарнасының журналисі Галина Полеваяның қатерлі дертке шалдыққанын хабарлаған едік. Оған сүйек кемігінің трансплантациясы қажет. Қазақстанда мұндай ота 50 жасқа дейінгі пациенттерге жасалады екен. Ал Галина Полевая – 60 жаста. Оны Оңтүстік Кореядағы дәрігерлер емдеуге дайын. Алайда ол жақта ем алу үшін 286 мың 350 доллар (106 млн теңгеден аса) қажет. 

stan.kz

[:]