АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Көмектесіңізші!»: Тоқаев дүңген баланың үндеуіне жауап берді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Бала Масаншыдағы оқиғадан қатты қорқатынын, әлгі жерде үйлер өртеніп жатқанын айтып, көмек сұраған.

Қордай ауданы Масаншы ауылында болған «тұрмыстық кикілжің» салдарынан болған жағдайдан кейін кәмелет жасына толмаған дүңген бала президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Көмектесіңізші!» деп видеоүндеу жолдаған еді. Бала видео арқылы мемлекет басшысынан көмек сұраған. Дәл осы жағдайға байланысты Тоқаев «Естіген құлақ есебін береді»  деген әрекетке көшіп, балаға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Кішкентай баланың әрекетіне немқұрайлы қарамаған президент көмек сұраған балаға Twitter парақшасында жазба қалдыру арқылы жауап берді. 

«Қазіргі уақытта маған азаматтар тарапынан көптеген өтініш түсіп жатыр. Мен дүңген баласының бейне хабарламасына назар аудардым. Менің міндетім — елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», — деді мемлекет басшысы.
 
Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні дүңген баланың Тоқаевтан көмек сұраған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралған болатын. Онда бала Масаншыдағы оқиғадан қатты қорқатынын, әлгі жерде үйлер өртеніп жатқанын айтып, көмек сұраған.

 

[:]