[:kz]
Тез арада, кешкі сағат 21-00-ден бастап далада барлық жүрісті тоқтатып, коменданттық сағат орнату қажет.
Белгілі ғалым Оразалы Сәбден еліміздегі қазіргі қалыптасып отырған пандемиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп жазба жариялады. Онда академик науқастар саны жағынан 1,4 миллиард халқы бар Қытайдан асып түскенімізге әрі коронавируспен күрес жолында өте әлсіз нәтиже көрсетіп отырғанымызға реніш білдірген деп, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осылай деп атап өткен ғалым коронавируспен күреске қарсы өзінің ұсынысын білдірген.
«Біз, 18 миллион халқы бар Қазақстан Республикасы, Сovid-19 дертіне шалдыққан науқастар саны жағынан 1,4 миллиард халқы бар Қытайдан озып кеттік. Бүгінгі таңда, еліміздегі бұл қауіпті дертке шалдыққандар саны – 87 мың адамнан асса, Қытайда бұл көрсеткіш – 83 мыңды құрады. Қазақ елі covid-19 дертіне шалдыққан елдердің әлемдік рейтингінде 213 елдің ішінде 26 орынға тұрақталды. Осыған қоса, ТМД елдері ішінде Ресейден соң 2-ші орынға жоғарлады. Аталған ақпаратты саралай келіп, біздің қаншалықты нашар деңгейде дертпен күрескенімізді көруге болады», — деп жазады өзінің facebook парақшасында.
Ғалымның айтуынша, бәрін қатаң тәртіпке келтірмей коронавирусты жеңу мүмкін емес.
«Күндізгі уақытта халық саны көшелерде аса қатты байқалмайды. Алайда, кешкі уақытта халықтың бұл індетті жұқтыруға көптеген себептері болады, мысалы: адамдар жұмыстан келгенде серуендеуге шығады; қос-қос топ болып көңіл көтереді; түнгі клубтар және басқа да көңіл көтеретін орындар жасырын жұмыс жасайды және т.б. Сол себепті, тез арада, кешкі сағат 21-00-ден бастап далада барлық жүрісті тоқтатып, коменданттық сағат орнату қажет», — деп ойын білдірген.
Сонымен қатар, әлемнің біраз елдерінде вакцина жасалып жатқанын, қазіргі сәттен бастап екпе алуға қаржы жинап, арнайы қор құру қажеттілігін айтқан.
[:]