[:kz]
Павлодар облысы әкімінңң орынбасары Олег Крук 21-26 қыркүйек аралығында Павлодар облысы маңындағы шекара арқылы 13,3 мың Ресей азаматының елге кіргенін мәлімдеді. Ал 5,1 мың ресейлік елден шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, аймақтағы қонақ үйлердің 95-98%-ы толып қалған.
«Мұндайды ешкім күткен жоқ. Адамдар келіп, кетіп жатыр. Нақты статистиканы жүргізіп жатқан жоқпыз. Ақпаратты қоңырау шалу арқылы алдық. Тағы 30%-ы бос, орындар бар», — деді Олег Крук.
Бүгінгі таңда аймақта полицейлер көші-қон заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін жалдамалы пәтерлерді тексеріп, адамдар көп жиналған орындарды аралайды екен.
Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтарында келушілерді екіге бөлген: Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер. Шетелдіктерге қызмет көрсету үшін қосымша жұмыс үстелдері жасақталған.
[:]