АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қонақасы мен жаназа асы өткізілмесін: Мұсылмандар діни басқармасы мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантин кезінде жаназа асы мен қонақасын өткізуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мұсылмандар діни басқармасы халыққа мәлімдеме жасап, жаназа кезінде қандай талаптар сақталуы керек екенін айтты. Шариғат бойынша індет кезінде жаназа асын жасамауға рұқсат етіледі, сол себепті халықтан өздеріңіздің де өзгенің де өміріне қауіп төндірмеуін өтінді олар. 

Жаназа намазына қатысты талаптар:

Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысу;

Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысу;

Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмау;

Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспау;

Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтау;

Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жуу;

Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмау;

Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспау;

Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтау;

Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтару;

Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер мен әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;

Қонақ асын өткізбеу;

Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелу.

Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Оңғаров құдайы астарға қатысты шектеулер мен талаптарды айтып өтті.

«Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптар. Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелуге, бір ғана діни қызметкердің қатысуына, санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтауға шақырамын. Шариғатта қандайда жұқпалы аурудың белгісі тараған кезде аурудың етек алуын тоқтатуда карантин режимі қажет екені атап айтылған.  Мұндай карантиндік жағдай көптеген мұсылман мемлекеттерінде жүзеге асуда.  Сондықтан қазіргідей көзге көрінбейтін зиянды дерт тараған кезде оның алдын алу әрбір мұсылман баласы үшін міндет», — дейді Ершат Ағыбайұлы Оңғаров.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бас мүфти қашықтықтан дұға жасап, бата берген дұрыс екенін айтқан

[:]