[:kz]
Күні кеше жылдық есеп беру жиынында ғана көпбалалы аналарды жеке қабылдаап тілегін бүгін сағат 11:00-ден бастап тыңдауға уәде еткен Шымкент әкімі сөзінде тұрмады. Ғабидолла Әбрахимов өзіне жағдайын айтуға келген көпбалалы аналар жиынында сол күйі бой көрсетпеді деп жазады NUR.KZ.
Күні кеше жылдық есеп беру жиынында ғана көпбалалы аналарды жеке қабылдаап тілегін бүгін сағат 11:00-ден бастап тыңдауға уәде еткен Шымкент әкімі сөзінде тұрмады.
Қала басшысының орынбасарлары мен басқарма басшылары, қалалық мәслихат хатшысы көпбалалылардың тілегін тыңдамақ боп, тыныштандырмақ болды.
Әрқайсысына қағаз қалам үлестіріп бар тілегін жазып қалдырыңыздар деген билік өкілдеріне ашынған аналар: «Мөрі де басқасы да жоқ ақ парақтың не күші бар?!»- деп сенімсіздік танытып, жыртып тастады.
Мен алты баланың анасымын. Сегіз жан екі бөлмені жалдап тұрып жатырмыз. Үй кезегін күтіп шаршадым. Үлкенім мүгедек. Мүгедектігі үшін төлемді де кіріс көзі деп есептеп мемлекеттік жәрдемақылардан қағып отыр. Мүгедек баламның ақшасы өзінен артылмайды. 11000 теңге ай сайын пособие алам. Басқа түк те жоқ. Балаларымды жеткізіп, баспаналы болсам деймін» , — деді Қайтпас шағынауданының тұрғыны, көпбалалы ана Динара Әлімова.
Айта кетейік, қала әкімінің сөзіне сеніп тілегін жеткізбек боп 300-ден астам шымкенттік көпбалалы ана жиналды. Әкімдіктің үлкен мәжіліс залына сыймай кеткен аналарға жауапты басқарма өкілдері өтініштерін тіркеп алып жатты.
kaz.nur.kz
[:]