АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Көптеген отбасы жәрдемақы алу үшін ата-анасын тастап кетуде»[:]

[:kz]

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыға қатысты ауыл-аймақта дүрбелең болып жатыр екен. Егер көп балалы отбасы зейнетақы алатын ата-аналарымен, енелерімен тұратын болса және олардың малдары болса жәрдемақы берілмейді екен.  Бәрі есептеледі. Мемлекеттен тағайындалған көмекті алу үшін Көп балалы жас отбасылар ата-енеден бөлек тұруы тиіс.

Парадокс!  Қазақстан қызықстанға айналып барады.
Ауыл қарттары азғантай ғана зейнетақы алады. Бұл олардың ұзақ жылғы еңбектерінің өтеуі. Қаншама жыл мемлекетке құйған салықтары.

Бір үйде зейнеткерлермен бірге тұрса неге жәрдемақы берілмейді?  Зейнеткерлер өз ақшаларын өздеріне жұмсаулары тиіс қой. Біздің қариялар шетелдік кәрі адамдар сынды әлем араламайды. Өйткені, оған зейнетақы жетпейді.  Көп балалы отбасылар үлкендермен бірге тұрып, сол кісілерге қамқор болып отыр.

Менің естуімше, көптеген отбасылар кәрі ата-анасын жалғыз қалдырып, жәрдемақы алу үшін бөлек шығуда.  Жалпы, заң бойынша жәрдемақы тағайындауда не деп жазылған?  Кім біледі?  Мен бұндай жарылқауды түсіне алмадым. Кім кімді жынды қылып отыр? 

Жалпы, жәрдемақы, зейнетақы, жалақы бұл біздің салығымыз есебінен төленетін ақша.  Қарапайым халыққа билік басындағылар қалталарынан шығарып, қаржы беріп отырған жоқ.  Көп балалы отбасыларға жәрдемақы беру үшін зейнетақыны, малды санауды кім шығарды?  Бұл қай жерде жазылған?  Әлде жергілікті билік ойына келгенін істеп отыр ма?

Ойлана келе Сіздердің пікірлеріңізді білгім келді.

 

Жанар Байсемізованың Instagram парақшасынан

«Қамшы» сілтейді

[:]