[:kz]
Үйсіз-күйсіз жүрген жанға ақсулық Мырзабек есімді жас жігіт көмегін беріп келді.
Ақтаулық ана екі ай далада түнеген қызын Павлодар облысының Ақсу қаласынан тапты. Көптен күткен кездесу жергілікті жомарт жан ның арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айнұр Ақсуға тұрмысқа шыққан, отбасылық мәселемен сол жаққа қоныс аударған. Кейін жұбайы оны далаға қуып шығыпты. Барар жері, басар тауы қалмаған бейшара әйел құдықтың ішінде өмір сүруге шешім қабылдапты. Алайда, бір айға жуық уақыттан соң ол жабылып, Айнұр далада қалады.
Үйсіз-күйсіз жүрген жанға ақсулық Мырзабек есімді жас жігіт көмегін беріп келді. Азық-түлік, ауыз су әкеліп, тіпті, қаржылай да қолдау көрсеткен. Ақыры анасына қоңырау шалып, қызының жағдайын айтып, алып кетуге шақырады.
Дереу жеткен анасы баласының екі ай хабарсыз кеткенін айтады. Үйде оны 12 жастағы қызы күтіп отыр екен.
Естеріңізге сала кетсек, күйеуі үйінен тықырта қуған әйелдің қазіргі аянышты жағдайын жақында жазған болатынбыз.
Жұбайы үйінен қуып жіберген келіншек қыстың суығында далада қалған. Әзірге оны күйеуінің үйінен неліктен қуып жібергені белгісіз. Өз сөзінде «Итті де кет деп қуып жібереді ғой» деп айтып қалған Айнұр далада күнелтуге мәжбүр болған.
[:]