[:kz]
Бұл Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарайтын Қордай отрядының «Қордай» заставасына тиісті аумағында болған оқиға.
Жұмадан сенбіге қараған түні (24 қараша 2018 жыл, сағат 00.00. шамасы) көрші елден келе жатқан «шақырылмаған қонақты» алдымен шекара сақшысының иті сезген. Иттің белгі берген жағына түнде көретін дүрбімен қараған шекарашы трансшекаралық Шу өзенінен біздің елге қарай өтіп келе жатқан қайықты көреді. Қайықтағы екеудің бірі біздің жағаға түсіп қалып, түн қараңғылығына сіңіп кетті де, екіншісі сол қайықпен қайтадан Қырғызстан жаққа бет алды.
Шекара сақшысының берген мәліметі бойынша дабыл белгісімен көтеріліп, оқиға болған жерге келіп жеткен дабыл тобы шекара бұзушыны қолға түсірді. Түн ішінде заставаны дүрліктерген — 33 жастағы қазақстандық әйел болып шықты. Құқық қорғау орындары құлақтандырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
[:]