АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қордайдағы ірі жол апаты: Ішкі істер министрлігі видоүндеу жасады

[:kz]

Ішкі істер министрлігі Қордайда жолаушылар автобусының қатысуымен орын алған жол апатынан кейін видеоүндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз Қордайдағы жол апатына қатысты ресми түсініктеме берді.

Оның сөзінше, жол апаты нәтижесінде 11 адам көз жұмып, 29 адам ауруханаға түскен.

ІІМ басшысының тапсырмасы бойынша министрлік және облыс полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Айта кетейік, Қордайда орын алған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті.

Олардың қатарында қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан және Тәжікстан елінің азаматтары бар.

Желіде оқиға орнында түсірілген суреттер пайда болды.

Жол апаты нәтижесінде Қазақстан және Өзбекстан азаматтары қаза тапты. Тоқаев көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты.

 

[:]